Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің өмір сапасы стандарттарын дамытуға және белсенді өмірлік ұстанымын, кәсіпкерге қажетті құзыреттіліктерді тәрбиелеуге бағытталған студенттердің бизнес-идеяларын, іскерлік бастамаларын қолдау. Облыстың экономикалық және кәсіпкерлік салаларында жастардың инновациялық әлеуетін дамыту.
Байқауға 16 мен 21 жас аралығындағы колледж студенттері, жеке қатысушылар да, жобалық топтар да қатысты. Барлығы 27 жоба болды.
Қостанай жоғары педагогикалық колледжі байқауға 3 жоба ұсынды: қытай және ағылшын тілдерінің тілдік мектебі «TOGETHER SCHOOL», жоба авторы Алина Ковалева, Ар 33 тобының студенті; Британдық стильдегі тақырыптық кофехана «British Coffee house», жобаның авторлары Ангелина Уланова және Осетрова Екатерина, Ар 31 тобының студенттері, жоба жетекшісі, арнайы пәндер оқытушысы Султанова Галия Еркеновна. Ауыл мектебіндегі «Ұзартылған күн», жоба авторы Юлия Лешкович, У 32 топ студенті, жоба жетекшісі, арнайы пән оқытушысы Марина Сергеевна Казкенова. Жобаны қорғау аясында студенттер инновациялық жобаның ерекшелігіне, өзектілігіне, бәсекелестікке және табыстылығына тоқталды.
Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен, ал басшылар алғыс хаттармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға бизнес-идеяларына сәттілік пен өркендеу тілейміз!
Арнайы пәндер оқытушысы
Қазкенова Марина Сергеевна