Мұның астарында әйел адамның кез келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын аңғартатын мағына жатыр.
Бүгінгі әйел бейнесі – іскер, басшы, қызметкер сынды лауазыммен толыққан. Олар бала тәрбиелеп қана қоймай, кәсіп ашып, оны дамытуға қабілетті. Бүгінде ақ жаулықты аналардың да жетістікке жетіп, табысқа кенелуіне, сондай-ақ талай-талай асу алып, биік белесті бағындыруға білімі мен білігі жеткілікті. Демек әйелдердің қазіргі қоғамда атқарар рөлі орасан. Қазақта ақыл-парасатымен, тапқырлығы және тәрбиесімен, дуалы сөзі, дара мінезімен әлі күнге дейін ел жадында жатталған аналар аз емес. Сонау сақ дәуіріне көз жүгіртсек, қазақ әйелдерінің ақылымен ел билегенін ғана емес, айбатымен жауға шапқанын да аңғарамыз. Ал олардың ұрпақ тәрбиелеп, бүтіндей бір әулеттің бейнесін қалыптастыруда алар орны орасан.Қоғамдағы әйелдің мәртебесін,өзіндік бағалауын көтеру мақсатында көп теген іс-шаралар өтізілуде.Осыған орай 30 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әйел: жаңа ғасыр, жаңа бейне, жаңа рөл» атты беделді кездесу өткізді («Қазақстан әйелдер күштері альянсы» өкілдерімен кездесулер циклі).Іс-шараға Қостанай облысы әйелдер күштері альянсының «Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» жобасының жетекшісі Қоқышева Гүлмира Абдулғафарқызы қатысып, әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жұмыстары және алдағы уақытарға белгіленген жоспарлар туралы айтып берді. Бұл кездесуге «Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің », «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту » мамандығының 3 курс студенттері қатысты.Кездесу қызу әңгіме түрінде өтіп, студенттер өздерінің сұрақтарын қойды және әңгімеге белсенді қатысты. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта алдын –алуға өз себебін тигізер деп ойлаймыз.