Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 08 қараша 2023 11:37

Әлуметтік серіктестіктердің қатысуымен дөңгелек үстел «Ұлттық ойындар-адамгершілік тәрбиесінің аспектісі ретінде»

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.

Осындай аса құнды игіліктердің бірі –ұлттық ойындар.Бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның  аталып жүруі де жайдан-жай емес.Бұрын ел қорғаушы батыр,жауынгер,халық қайраткерлері,ойын үстінде көрінеді.Сол ойын арқылы шынығып,өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.Ұлттық ойындар осылайша атадан-балаға үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасып отырған.Ойын тек адамның дене күш- қуатын молайтып,оны шапшаңдыққа,дәлдікке тәрбиелеп қана қоймай,адамның ақыл-ойының толысуына,есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.Осы тақырып аясында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кафедрасының апталығына орай әлуметтік серіктестіктерімізбен бірлесе  тәжірбие бөлісу,өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік тәрбиесін ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылып  өткізілді. Іс-шарамызға әлуметтік серіктестіктеріміз № 61, 11, 17 бөбекжай-балабашаларының  дене шынықтыру нұсқаушылары : Досов М.К Нурмагамбетов  Н.К. және Омарова С.К. қатысты. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Ойынның маңыздылығын көрсету мақсатында «Асық» және «Бестемше» ойнатылды.Ойынға №11 бөбекжай-балабашсының тәрбиеленушілері келіп  ұлттық ойындарды  ойнау барысын көрсетті.Ойынға колледж студенттері де қызығушылық таңытып ,белсенді қатысты. Болашақ мамандар  өз іс-тәжірбиесінде қолданып, ұлттық ойындарды насихаттайды деген ойдамыз. Атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды ойнау арқылы бойымызға қүш жинап,ақыл-ойымызды толықтырып,еліміздің туын биікке көтеретін сегіз қырлы ,бір сырлы  азаматы мен азаматшалары болып өсе берейік.

«Мектепке дейінгі тәрбие» кафедрасының

оқытушылары:Жолдыбаева Д.С.

Подкалюк Л.Н

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео