Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 08 қараша 2023 11:51

«Әйел: жаңа ғасыр, жаңа бейне, жаңа рөл»

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»кафедрасының арнайы пәндер  оқытушысы Жолдыбаева Д.С. «Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар.

Мұның астарында әйел адамның кез келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын аңғартатын мағына жатыр. Бүгінгі әйел бейнесі – іскер, басшы, қызметкер сынды лауазыммен толыққан. Олар бала тәрбиелеп қана қоймай, кәсіп ашып, оны дамытуға қабілетті. Бүгінде ақ жаулықты аналардың да жетістікке жетіп, табысқа кенелуіне, сондай-ақ талай-талай асу алып, биік белесті бағындыруға білімі мен білігі жеткілікті. Демек әйелдердің қазіргі қоғамда атқарар рөлі орасан. Қазақта ақыл-парасатымен, тапқырлығы және тәрбиесімен, дуалы сөзі, дара мінезімен әлі күнге дейін ел жадында жатталған аналар аз емес. Сонау сақ дәуіріне көз жүгіртсек, қазақ әйелдерінің ақылымен ел билегенін ғана емес, айбатымен жауға шапқанын да аңғарамыз. Ал олардың ұрпақ тәрбиелеп, бүтіндей бір әулеттің бейнесін қалыптастыруда алар орны орасан.Қоғамдағы әйелдің мәртебесін,өзіндік бағалауын көтеру мақсатында көп теген іс-шаралар өтізілуде.Осыған орай 30 қазанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әйел: жаңа ғасыр, жаңа бейне, жаңа рөл» атты беделді кездесу өткізді («Қазақстан әйелдер күштері альянсы» өкілдерімен кездесулер циклі).Іс-шараға Қостанай облысы әйелдер күштері альянсының «Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» жобасының жетекшісі Қоқышева Гүлмира Абдулғафарқызы қатысып, әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жұмыстары және алдағы уақытарға белгіленген жоспарлар туралы айтып берді. Бұл кездесуге «Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің », «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту » мамандығының 3 курс студенттері қатысты.Кездесу қызу әңгіме түрінде өтіп, студенттер өздерінің сұрақтарын қойды және әңгімеге белсенді қатысты. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта алдын –алуға өз себебін тигізер деп ойлаймыз.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео