Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 10 қараша 2023 15:06

«Мектеп жасына дейінгі балалармен оқу іс-әрекетінің геймификациясы».

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде білім беру кеңістігінің халықаралық стандарттарына бағытталған өзгерістер орын алуда.

Бұл жаңару процесі мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесіне елеулі өзгерістер енгізді. Білім беруде, мектеп жасына дейінгі балалардың дағдыларын  қалыптастыруда елеулі өзгерістер орын алады. Педагогтар  мектеп жасына дейінгі балалардың білім беру ортасына инновациялық тәсілдерді енгізіп, жаңа ұрпақ балаларының сұранысына сай оқу-әдістемелік материалдарды дайындап, оны пайдалану функцияларын өзгертуде. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі бөлімінің 3 курс студенттері 2023 жылдың 9 қарашасында апталығы аясында өткен «Мектеп жасына дейінгі балалармен оқу іс-әрекетін геймификациялау» семинар-тренингте трендті технологиялардың бірімен танысты. Семинарда геймификация  бағыт туралы әңгімелестік, оның не екенін, бұл технологияның идеясын және ойын механикасын енгізуді білдік. Гамификация адамдардың бәсекеге қабілетігін ,  ынтымақтастыққа және жетістіктерге деген табиғи бейімділігін көрсетеді. Бұл әдіс сізді мақсаттарға жетуге және өнімділікті арттыруға ынталандырады. Келісуге арналған құралдар еңсерілетін деңгейлер, марапаттар және рейтингтер болуы мүмкін. Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде оқытушылар  студенттерді «Сөйлемді  аяқта», «Мен бәрін білгім келеді» зияткерлік ойынына және  түрлі сайыс ойындарына қатысуға шақырды, ауыл ауласына және Абылайхан Қостеев атындағы өнер мұражайын   виртуалды экскурсиялар  арқылы барып келді, сонымен қатар осы тақырып бойынша әдебиеттермен таныстырды. Ойын қорытындысы бойынша командалар мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтарға ие болды. Геймификацияның маңызды факторларының бірі – топтық жұмыс, бұл мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие процесінің негізгі құрамдас бөлігі. Балабақшадағы топтық жұмыс - бұл мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын және шығармашылықты жүзеге асыруға арналған кең ауқымды қызмет саласы. Ойын арқылы ойлану қабілетті   қолдану  мектеп жасына дейінгі балаларды оқу процесіне тартады, реакция жылдамдығын, көрнекі зейінді, ақылға қонымды тәуекелге баруға бейімділікті, мақсатқа жетудегі жүйелілікті, жеңіске деген көзқарасты дамытады және олардың ой-өрісін кеңейтеді.

 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

кафедрасының оқытушысы: Молдабаева А.У

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео