Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy              

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« April 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Сәрсенбі, 20 желтоқсан 2023 12:07

Кафедра апталығының тақырыбы – «Өнердің сиқырлы әлемі»

2023 жылдың 19 желтоқсанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Музыка және сәндік-қолданбалы шеберлік» кафедрасы апталығының ашылу салтанаты өтті.

Кафедра апталығының тақырыбы – «Өнердің сиқырлы әлемі». Мерекелік іс-шараға музыкалық шығармашылық пен сәндік-қолданбалы өнер сүйер қауым көп жиналды.

           

            Кафедра апталығы аясында оқытушылар студенттермен бірге жарқын да оқиғаға толы іс-шараларды жоспарлады.

           

            Қазіргі әлем заманауи шешімдерді қажет етеді. «Sibelius музыкалық редакторында жұмыс істеу негіздері» шеберлік сыныбы музыкалық қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға және қолдануға арналады.

            Әр адамның бойынан даралықты көріп, оны портрет арқылы жеткізе білу – кез келген суретші үшін биік шың. Бұл қиын және керемет қызықты!

Баршаңызды «Кенептегі өмір» портреттік шеберханасына шақырамыз.

Оқушыларға арналған ойын шараларымен  музыкалық үзілістерді, «Музыкалық эрудит» викторинасы және қасықта ойнау бойынша шеберлік сыныбы қамтиды. Кафедраның оқытушылары ашық сабақтарда интеграцияны қолдана отырып озық тәжірибелерімен бөліседі. Кафедра апталығы өнердің маңыздылығын көрсетуге жақсы мүмкіндік береді. Айналадағы шындық пен өнердегі сұлулықты қабылдау адамның рухани өмірінің маңызды шарты болып табылады.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео