Ұрпақ тәрбиесіне қатысты да елімізде көптеген жоба қабылданып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кез келген мемлекеттің болашағы біздің саналы жастарымыз. Бүгiнгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Бүгінгі өсіп келе жатқан жастар еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегіне тікелей байланысты. Еліміздің өсіп өркендеуі үшін, жас мамандардың ойының ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.
«Саналы ұрпақ» клубының жастары арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ескерту мақсатында 2023-2024 оқу жылының қысқы сессиясы кезеңінде «Таза сессия» кең ауқымды акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша клуб мүшелері бейнеролик жасап, студенттер арасында ақпараттық жұмыс жүргізілді. Іс-шара мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, студенттерге емтихандар мен сабақтар кезінде онымен күресу жолдары туралы үйрету. Жыл көлемінде екі рет ұйымдастырылатын «Таза сессия» акциясы жастардың бойында адалдықты, жауапкершілік пен адамгершілікті қалыптасыратыны анық. ҚЖПК сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін студенттер арасында «Таза сессия» туралы сұхбат, сауалнама жүргізілді. Жастарымыздың болашаққа жарқын ниетпен қарайтыныны жан қуантарлық.
«Саналы ұрпақ» клубының
жетекшісі Жармухамбетова А.А.