Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 25 желтоқсан 2023 13:04

Бүгінгі студент-болашақ білікті маман

   Қоғамның ең белсенді тобы жастар болып саналатыны белгілі. Еліміздің негізін қалайтын, оны болашақта ілгері дамытатын да солар. Мемлекеттің қалыптасып дамуында жастар аса қуатты өндіргіш күш. Оқу орындарындағы білім беру сапасы мен олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы да әртүрлі.

   Өзгелерге үлгі ететіндей жетістіктермен бірге кемшілктер де орын алып жатады. Бір сөзбен айтқанда қоғамымыздың қомақты бөлігін құрайтын бұл қауымның өз тіршілігі, өз мәселелері бар. Жастар алдында тұрған мәселелер уақтылы шешімін табуға тиісті. Мемлекет басшысы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар ел өміріне белсенді араласып, азаматтық қоғамның дамуына және елімізді табысты жаңғыртуға септігін тигізуде. Елімізде Қазақстан жастарының бойында отаншылдық рухты қалыптастырып, тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінеді» деген болатын. Бүгінгі жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беру еліміздің ертеңгі жарқын болашағын жол ашу деген сөз. Осы мәселе аясында түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің іс-шаралары жыл сайын ұйымдастырылып өткізіледі.
   Қостанай қаласындағы М. Дулатова атындағы КИнЕУ мекемесінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда сағат 11.00-де "Студент-жұмыс беруші "форматында" Бос орындар жәрмеңкесі -2023 " өтті. Осы жәрмеңкеге барлық Қостанай қаласының колледждердің бітіруші (3-4 курс )топтары қатысты.
   Болашақ мамандарды сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру мақсатында БҚУ-да жыл сайын "Студент-жұмыс беруші "форматында" өткізіледі. Жәрмеңкеде бітіретін студенттер еңбек нарығы, жұмысшыларға мұқтаж кәсіпорындар туралы толық ақпарат ала алады. Жыл сайын колледж бітіруші - педагогтарға ауыл мен қала мектептерінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
   Бұл жәрмеңкеге әр мектепке дейінгі жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме директорларымен әдіскерлері қатысты. Осы жердегі келген студенттерге қай мекемеде жұмыс орны талап ететіні және қандай құжаттар керек екені түсіндірелді.
Мектепке дейінгі тәрбие мамандығының студенттерін екі жұмыс беруші –« Бес үйрек» және «Антошка» жеке меншік балабақшалары қызықтырды.Аталған мекемелердің мамандары студенттерге жұмыс, оқу және жұмыс жағдайлары, жалақы туралы ақпарат берді.

Директордың өндірістік оқу жөніндегі орынбасары : Жунусова Қ.С.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің оқытушысы: Рахпанова Б.Г.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео