Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 30 қаңтардың 2024 11:40

Критериалды бағалау технологиясы

      26.01.20204 күні «критериалды бағалау технологиясы» атты мұғалімдерге арналған семинар өтті.

Семинарда оқытудың мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жүйесін анықтадық. Критериалды бағалау дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?          Біріншіден, критериалды бағалау — оқушылардың оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдық қалыптасқан, білім беру процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға, заңды өкілдерге және т. б.) критерийлермен салыстыруға негізделген, оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс. Критерий сөзінің өзі — қандай да бір нәрсеге қойылған талаптарға сәйкестігін бағалау жөнінде шешім қабылдау белгісін, негіздемелерін, ережелерін білдіреді. Критериалды бағалаудың негізгі принциптерінде оқу тапсырмасын орындау нәтижесі қалай дұрыс көрінуі керек екендігі туралы нақты түсінік беріледі, ал бағалау оқушының осы мақсатқа жақындау дәрежесін анықтау шкаласы болып табылады. Сонымен қатар критериалды бағалау формативті және жиынтық бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау — сабақта және үйде күнделікті жұмыс барысында білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдағы деңгейін анықтау, оқыту процесінде оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыру. Ол оқушыларға жаңа материалды зерттеу кезінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын және оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне жететінін түсінуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау— оқу ақпаратының белгілі бір бөлігін оқып, аяқтағанда білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды. Жиынтық бағалауды мұғалімдер немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады. Теориялық ақпараттарды жеткізіп, тәжірбиелік мақсатта мұғалімдермен бірге тапсырмалар орындадық.  Берілген тапсырмалар қалыптастырушы және жиынтық бағалауға байланысты оқытушылар топқа бөлініп өз ойларын тереңірек қарастырып, анықтап, толықтырып семинарды қорытындыладық.

Шетел тілдер кафедрасының оқытушысы: Таскенова А.Б.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео