Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 28 ақпанның 2024 17:38

«Машықкер мектебі” шеберлік сыныбы

Жастардың ұстаздық жолда жұмыс жасауы халқымыздың көнеден келе жатқан ізгі қасиеттерін бойына сіңіртіп, қоғам мен тәрбие жайында жинақталған ақпарат қорын

зерттеуге жағдай жасай отыра, жан-жақты дамуына септігін тигізетін қазіргі заман талабына сай, білікті де білімді  ұстаздардың қолында.

Педагогика және психология апталығы аясында Қостанай жоғарғы педагогикалық колледжінде 28 ақпан күні «Машықкер мектебі» тақырыбында педагогика және психология кафедрасының арнайы пәндер оқытушылары  Сандыбаева Айымгуль Балтабаевна және Кубегенова Гульназ Жумабаевнаның жетекшілігімен,  М-41 тобының студенттерінің ұйымдастырылуымен, М-21, МҚБ-12 топтарының қатысуымен шеберлік сынып өткізілді. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты: сабақтарда қызықты әдіс-тәсілдер мен ақпараттық-коммуникативті технологияларды тиімді қолдану тәжірибесімен алмасу. «Машықкер мектебі» тақырыбындағы іс-шара AIR M-41  ұшағында саяхат бағытында өткізілді. Іс - шара үш кезеңнен тұрды:

I-кезең «Әдіс-тәсілдер» кезеңі деп аталды. Бұл кезеңде М-41 тобының студенттері сабақтың үш кезеңі бойынша (сабақтың басы, сабақтың ортасы, сабақтың соңы) қолданылатын тиімді әрі қызықты, заман талабына сай әдіс - тәсілдерді көрсетіп, 1-2  курс студенттеріне мысал ретінде тапсырма беріп, қалай қолданатынын анық түсіндіріп өтті.

II-кезең «Ақпараттық - коммуникативті технологиялар» кезеңі деп аталды. Қазіргі мұғалімдердің  алдында тұрған басты міндет – ақпараттық  технология әдістерін қолдана отырып дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттары негізінде оқушыларға сапалы білім беру. Қазіргі заманда тек жеке басыңа ғана емес, оқушыларға сабақты қызықты, түсінікті етіп өткізу үшін жаңа педагогикалық техналогиялар қолданылады. АКТ-сыз бұл заманда сабақты елестету де қиын. Осы себептерді ескере отырып, сабақта қолдануға болатын, тапсырманы оңай құрастыратын  бірнеше бағдарламалармен жұмыс жасап көрсетілді. АКТ құралдарымен жұмыс студенттерге қызықты жаңалық болғандықтан, олар өз кезегінде алдарында берілген тапсырманы орындап, бағдарламамен қалай жұмыс жасау керектігін үйренді.

III-кезең - «Шебер сынып» кезеңі. М-21, МҚБ-12 тобының қатысушы студенттері іс-шара бойы жинақталған теориялық білімдерін осы кезеңде ұйымдастырушы М-41 тобының студенттерінің  нұсқаулығы бойынша өз қолдарымен әдіс-тәсілдің көрнекілігін жасап, тапсырма ұйымдастырып, практикалық тұрғыда дәлелдеп, тәжірибе жинақтады.

Қорытындылай келе, осындай іс-шаралар арқылы болашақ ұстаздар «Сабақта қандай  тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға болады?» деген сұраққа нақты жауап ала алды деп ойлаймын. Ал сабақта  жинақталған тәжірибе бойынша жоғарғы деңгейде қызықты етіп өткізу оқушылардың жан-жақты дамып, саналы, белсенді, озат, тәртіпті де тәрбиелі, өмірге деген өз көзқарасы қалыптасқан тұлға болып ержетуіне тигізер пайдасы мол.

«Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман»,- деп Міржақып Дулатұлы айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақты тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Сондықтанда, бүгінге шебер сыныпқа қатысқан студенттер өздеріне көп жаңа мәлімет алғандарына сенімдімін.

Еліміздің болашағы бүгінгі жастар, яғни болашақ мұғалімдердің, тәрбиелейтін ұрпақтың қолында екенін естеріңнен шығармайды,- деген ойдамын.

Педагогика және психология кафедрасының арнайы пәндер оқытушылары

Кубегенова Г.Ж., Сандыбаева Г.Ж.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео