Бұл тұрғыда өз заманының дана тұлғасы өзін тек қана жастарды білім нәрімен сусындатып қана қоймай мақала, кітаптар жазды, өзін жан-жақты көрсете біледі. Біз бүгін тобымызбен Л.Толстой атындағы кітапхананың қонақжайында «Шәкірт жүрегіндегі ұстаз» тақырыбында өткен Б.Балтақызымен кездесу кешінде қонақ болып қайттық. Кеште Б.Балтақызының шәкірттері, замандастары мен әріптестері кеш қонағын құттықтап, естеліктерімен бөлісті. Кеште Б.Балтаққызының ұстаздық жолды қалай таңдағаны, жазушылық жолға қалай келгені сонымен қатар, осы кезге дейін біздің әдебиетімізге қандай еңбек сіңіріп, өшпес мұра қалдырғаны жайлы танысып, рухани тұғыдан байып, ұстазымыздың бойындағы жақсы қасиеттерді біліп, өзімізге үлгі алып қайттық. «Адам өзінің ойын қағаз бетіне түсіре білудің өзі өнер» дегендей өз бойындағы бар білімін біздер үшін кітап бетіне түсіріп, жастар үшін өшпес асыл мұра қалдырып келеді. Біз бұл еңбекті әрдайым бағалап, құрметтей отыра мәңгі жадымызда сақтаймыз!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
оқытушысы Кенжегарина А.А.,
М-21 тобының студенті Талантқызы Жауһар