Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« September 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Сейсенбі, 28 мамырдың 2024 15:23

Үздік экоблогерлер

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің мәдениет бөлімінің студенттері Афанасьева Виолетта мен Филипович Кристина осы оқу жылының сәуір-мамыр айларында

«Қазақстанның экологиялық фонды» ҚҚ  ұйымдастырған Қазақстан Республикасының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында эко блогерлер - студенттер арасында «Ең үздік эко видео» атты бейнероликтер конкурсына қатысты.

Конкурс «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ  қолдауымен «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балалар үшін қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар»  жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді. Конкурстың мақсаты - экологиялық тақырыптағы бейнероликтер базасын құру және жаппай тарату арқылы экологиялық білім беру тәсілдері туралы студенттердің білімін кеңейтуге және табиғатты қорғау ісіндегі нақты іс-әрекеттерге халықты ынталандыруға ықпал ету.

Біздің колледжің студенттері Кристина мен Виолетта осы конкурсқа арнайы қоршаған ортаға ластағыш заттардың әсерін көрсететін бейнеролик түсірді.  Бейнематериалда қоқыс мәселесі, пластикалық дорбалардың қоршаған ортаға зияны жайлы айтылады. 

Мамыр айында конкурс қорытындысы шықты. Мәдениет бөлімінің студенттері Афанасьева Виолетта мен Филипович Кристина Республикалық эко-блогерлер конкурсында топ жарып жүлделі 1 орынға ие болды, сыйақы ретінде 150 000 тенге ұтып алды.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, осы жеңісті жолдары ары қарай жалғасады деген сенімдеміз.

Демесинова Жанна Болатовна

Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасы

география пәні мұғалімі

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео