Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Жұма, 31 мамырдың 2024 15:18

Кескіндеме

2024 жылдың 31 мамырында сағат 10:00-де Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің қабырғасында Муз/ДПМ-41 тобының  ДПМ кіші тобында, оқытушы Баякова Б.М., «Кескіндеме» пәнінен қорытынды

емтихан өтті. Кескіндеме – біздің мамандық студенттері үшін 4 курсты қоса алғанда оқу жоспарында сақталатын негізгі пәндердің бірі.  Әр семестрдің соңында бұл пән бойынша жұмысы қарастырылады, студенттердің кәсіби өсуі байқалады.

Бүгін біз сіздерге біздің топтың емтиханға қалай дайындалғанын айтқымыз келеді.

Емтихан алдында біздің музыка және сәндік-қолданбалы өнер кафедрасының арнайы пән мұғалімдерімен дайындық  кеңестер жүргізіледі.  Бізге бар жұмыстардың қайсысын көрсету керектігі айтылады, оларда нені түзету керек, бір жерде фон қосу керек, негізгі нысан бірінші орынға шығуы үшін кейбір бөлшектерді толық, айқындап жазу керек, немесе, негізгі нысанға және басқа бөлшектерге  қарама-қайшы келмейтіндей етіп артқы фондағы матаны  «қараңғылау» керек, деген сияқты қосымша жұмыстар жүргізіледі.  Осыдан кейін қалған уақытта студенттер өз жұмыстарын аяқтайды.

Дайындық жұмыстары жүргізілгеннен кейінгі күні, немесе емтихан күні оның басталуына дейін барлығы келіп, тексеруге дайындала бастайды.  Біз семестрлік жұмысты паспортта дайындаймыз, жұмысқа этикеткаларды жасаймыз және семестр бойы орындалған барлық эскиздерді әкелеміз.  Біз жұмысымызды аудиторияда  көрсетеміз, содан кейін емтихан басталады.

Бұл емтиханда біз колледжде атқарған жұмысымызды қорытындыладық.                                                                                                      Бізге жарық пен көлеңкені берудің, түстермен жұмыс істеудің түрлі әдіс-тәсілдерін үйретіп, тиянақтылық танытып, еңбекке жауапкершілікпен қарауға, сурет өнеріне деген сүйіспеншілікке баулыған ұстаз – Баякова Бибіжамал Мұқашқызына алғысымызды білдіреміз.

Студенттер топ Муз / ДПМ-41

мамандығы: Әлеуметтік-мәдени қызмет және халық көркем шығармашылығы.

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео