болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері – ұстаз. Міне ұстаздық білімді бойына сіңірген жас шәкірт, өзі де ұстаздық жолына аяқ басуда. Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде жас шәкірттерді қарсы алып, 1 апталық бірінші курстың сайысын өткізген болатын. Бұл іс-шара оқу орнына енді ғана жол бастаған студенттер үшін маңызды кезеңдердің бірі. Бұл сайысқа барлық 1 курс студенттері қатысып, өздерінің бақтарын сынға салған еді. Сол секілді біздің М-11 тобымыз да осы іс-шарада тәлімгерлеріміз Махина Дильназ бен Серикбай Заринаның жетекшілігімен өз белсенділіктерімізді көрсетіп, сайыстарда көзге түстік. Бұл сайыс жалпы оқу жылының басында немесе алғашқы аптасында жаңа келген студенттерге оқу орнын көрсетіп, алдағы уақытта бірге оқитын топ студенттерімен танысып, олармен жақсы тіл табысуға үлкен септігін тигізеді. Аптаның алғашқы күндерінен бастап бір-бірімізбен жақсы тіл табысып, жақын араласа бастадық. Баста айта кеткендей, бұл іс-шарада көптеген сайыстар мен ойындар жүргізілді. Алғашқы күні «Қалам», «Паравозик чу» секілді ойындар болды. Бұл ойындар біздің топтағы студенттердің бірлігін, ұйымшылдығын арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, біз болашақ мұғалім болғандықтан алдағы уақытта оқушылармен қызықты жұмыс жасауға болатындай, қоржынымызға жаңа ойын түрі толықтырылды. Келесі кезекте Jastar v.24 «Біз біргеміз» тренинг эстафетасын айрықша атап кеткіміз келеді. Себебі, бұл эстафетада тек бір-бірімізге жақын болып, белсенділігіміз артып қана қоймай, жетістік жолында алғашқы жеңістердің бірін алып келген едік. Яғни, біз бұл эстафетада 1 орынға ие болдық. Сайыстың енді келесі күнінде 1 курс студенттері арасында «Мода» сайысы жүргізілді. Бұл сайыста біздің топтың атын шығарып, өз өнерін басқа топ студенттеріне көрсетуге Серік Шұғыла есімді аруымыз қатысқан еді. Біз сайыстағы киіміміз «Қазақ этно» стильінде болды. Яғни, біз қазақ халқының ұлттық киіміне сән беретін жібек маталы көйлегіміз бен этно қамзолымызды кидік. Киімімізге ерекше сұлулық беретін шекелік пен ұлттық әшекей бұйымдарымызды да тағып өнер көрсеттік. Сонымен қатар, біз спорттық жарыстардан да қалыс қалмай, өз бағымызды сынадық. Сайыстың төртінші күнінде спорттық жарыстар өткізіліп, студенттердің тек өнер жағында емес спорттық бағытта да қаншалықты мықты екеніне көз жеткізді. Әрине, біз спорттық жарыстардан өзіміздің топты алға шығару үшін өз күшімізді салдық. Топ ішінде Сапабек Аружан есімді қызымыз «теннис» жарысына қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Өз сөзімізді қорытындылай келсек, бұл сайыстар біздің алғашқы ұстаздық жолына басқан алғашқы қадамымыз ретінді жігерлендіріп, алдағы уақытта өзімізді одан да басқа қырларымыздан көрсетуге, бір-бірімізбен бір отбасыдай жақын болуға, қандай жағдай болмасын бір-бірімізді сыйлауға және де болашақ шәкірттерімізге де соны үйретуге мүмкіндік сыйлады. Осы мүмкіндік пен есте қаларлықтай қызықты сәтіміз үшін Қостанай жоғары педагогикалық колледжіне өз алғысымызды білдіреміз.
Тобы М -11