Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Дүйсенбі, 01 шілде 2024 15:25

Қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларын оқыту

Rate this item
(0 votes)

2024 жылғы 01 шілде күні қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларына оқыту жүргізілді. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы С.В. Солодова жазғы кезеңдегі жұмыс

кестесі туралы айтып, қабылдау науқаны-2024 жұмысының ерекшеліктерін атап өтті. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы) 2024 жылғы 25 маусымнан бастап Қостанай облысының колледждеріне құжаттарды қабылдау басталды. Шығармашылық біліктілікке құжаттарды қабылдау мерзімі 20 шілдеге дейін, педагогикалық мамандықтарға - 2024 жылғы 15 тамызға дейін. Құжаттарды қабылдау «Азамат: электрондық колледж» АЖ арқылы жүзеге асырылады. Техникалық хатшы талапкерге 1-қосымшаға сәйкес жеке кабинет құруға, қажетті құжаттарды сканерлеуге және жүктеуге көмек көрсетеді (жаңа редакцияда - ҚР Білім Министрінің 2022.10.11 № 420 бұйрығымен). Түсу үшін құжаттарды кәмелетке толғандар жеке, кәмелетке толмағандар заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.  Талапкер 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдай алады.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы өтініштерді тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда себебін көрсете отырып, дәлелді бас тартуды жібереді. Оқуға түсушілердің өтініштері ТжКБ ұйымының тіркеу журналдарында тіркеледі.

Қатысушылардың ерекше назары техникалық хатшылардың мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін талапкерлердің өтініштерін қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті дұрыс көрсеткені үшін жеке жауаптылықта болуына, квоталық санаты бар талапкерлер туралы қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына хабарлауына аударылды.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы С.В. Солодова.

Read 74 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео