Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сенбі, 17 тамыз 2024 15:30

Кәсіби жарамдылықты анықтау

2024 жылғы 16 және 17 тамызда Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4-қосымшасына

сәйкес (жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.16.08 № 405 бұйрығымен) педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін кәсіптік жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу түрінде арнайы емтихандар өткізілді, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Әңгімелесу нәтижелері бойынша «Азамат: электрондық колледж» АЖ техникалық хатшылары біліктілік іріктеу нәтижелерін ұсынды: «Келді/Жіберілді» немесе «Келмеді».

Қабылдау науқанының келесі кезеңі - орта буын мамандарын, қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ТжКБ ұйымына оқуға қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Конкурс педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндерді бағалаудың орташа конкурстық балы бойынша талапкерлерді автоматтандырылған бөлу жолымен, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын ескере отырып, ақпараттық жүйемен өткізілетін болады, «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығы).

Конкурс қорытындысы бойынша талапкерлер ақпараттық жүйенің жеке кабинетінде хабарлама алады. Орта буын мамандарын, қолданбалы бакалаврды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау ТжКББ ұйымы басшысының бұйрығымен күндізгі оқу нысанына қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде – күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін жүргізіледі.

Қабылдау нәтижелері туралы ақпарат оқуға түсушілердің назарына жеткізілетін болады.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы С.В. Солодова.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео