Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 27 қыркүйек 2024 18:45

Педагогикалық практика: болашақ мұғалімнің кәсібилігіне қадам

Rate this item
(1 Vote)

Мемлекет Басшысы өз сөзінде адам мен жалпы Қазақстан халқы үшін еңбектің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. «Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық» құндылығы    «Бір тутас тәрбие» жаңартылған тәрбие бағдарламасының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

2024 жылғы 27 қыркүйекте Қостанай жоғары колледжі студенттерінің кәсіптік практикасы шеңберінде білім алушылардың әртүрлі кәсіптер және олардың қоғамдағы рөлі туралы білімдерін кеңейтуге, сондай-ақ еңбекқорлық пен дербестік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған «Кәсіптердің сиқырлы әлемі» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Сынып сағатында біз жеке жұмысты, жұптық және топтық жұмысты қолдандық. Балаларға ата-аналардың мамандықтары туралы шағын презентациялар дайындау, бейнені қарау және оны талқылау бойынша жұмыс ұсынылды. Диалогтық оқытуды пайдалану барлық қатысушыларды сынып сағаты тақырыбының мәселесін талқылауға белсенді тартуға, ынтымақтастық атмосферасын құруға, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Біз - болашақ педагогтар үшін педагогикалық практика мұғалім қызметінің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін негізгі кезең болып табылады. Тәжірибе барысында біз нақты білім беру жағдайларына тап боламыз және колледжде алған теориялық білімімізді қолданамыз, бұл сабақтарды ұйымдастыруда,                                       іс-шараларды өткізуде, жайлы білім беру ортасын құруда, білім беру процесінің барлық мүдделі тараптарымен өзара іс-қимыл бойынша құзыреттіліктерді дамытуда дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Өз қызметімізді талдай отырып, біз әлі де көп жұмыс істеуіміз, ғылыми және кәсіби тұрғыдан білуіміз, бастауыш білім берудің үздік тәжірибелерінің қызметін зерттеуіміз қажет екенін түсінеміз. Біздің амбициямыз бен күш-жігеріміз қазіргі заманғы білім беру процесінің қиындықтарын жеңе алатын қабілетті, тиімді мұғалім болуға мүмкіндік береді.

У-41а тобының студенті  Волошенко Екатерина,

 әдіскер К.С. Жунусова

 

Read 112 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео