Бұл мереке-ұстаздарымызға шынайы ризашылық білдіруге, өз үлгісімен бізді мейірімді, әділ және адам болуға үйреткен алғашқы тәлімгерлерді еске алуға тамаша себеп.
Жаңа уақыт жаңа талаптар қояды. Бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттілік, адами капиталдың өсуі, әлеуметтік-экономикалық жобаларды әзірлеу өзекті мәселелердің ерекше тұрған кезінде, көп нәрсе білім беру жүйесінің одан әрі дамуына байланысты. Бұл, әсіресе, білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға бағытталған техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімге қатысты.
Егер біз жас педагогтар ұрпағын білімді, еңбекқор, жоғары кәсіби деңгейінде тәрбиелей алмасақ, елдегі барлық үлкен жобалар аяқталмай қалады.
Құрметті мұғалімдер! Сіз өзіңіздің адалдығыңызбен, қажымас еңбегіңізбен және үнемі шығармашылық ізденісіңізбен ертеңгі күннің негізін қалайсыз. Мамандыққа берілгендігіңіз және болашақ мамандарға қамқорлық жасағаныңыз үшін рахмет!
Баршаңызға денсаулық, бақыт, сарқылмас күш-қуат және шығармашылық өсім тілеймін!
Қостанай жоғары педагогикалық колледжі директорының м.а.,
педагогика ғылымдарының кандидаты
Г. Уразамбетова