оқушылары арасында «Тарих ғылымдары академиясы: виртуалды шақыру» онлайн-тарихи олимпиадасын өткізді.
Олимпиада тарих пәні аясында дарынды оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға жағдай жасау, шығармашылық қабілеттерін, жастардың интеллектуалдық әлеуеті дамыту, дарынды оқушыларды қолдау, сонымен қатар ақпараттық технологияларды тәжірибеде қолдану мақсатында өткізілді. Ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі білім берудің маңызды аспектісі болып табылатын теориялық білім мен практикалық қолдануды тиімді біріктіруге мүмкіндік берді.
Олимпиада Оnlinetestpad.com онлайн платформасы арқылы өтті. Әрбір қатысушы тестілеу аяқталғаннан кейін автоматты түрде жүктелетін ұпайы көрсетілген сертификат алды. Олимпиадаға сілтеме іс-шараға қосылуды жеңілдетті және сертификаттар аяқталғаннан кейін бірден жүктеп алуға қолжетімді болды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша негізгі жеңімпаздар анықталды. Негізгі жеңімпаздар:
1 орын: Шама Виолета – «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ оқушысы.
Овчинникова Ольга – Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің 1 курс студенті.
2 орын: Тұяқбаева Саяжан – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ оқушысы.
Гудкова Анастасия – «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ оқушысы.
Ауесхан Айнагүл – Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің 1 курс студенті.
3 орын: Федяев Захар – «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ оқушысы.
Сумжанова Аружан – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ оқушысы
Байтуяк Айдана - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ оқушысы.
«Тарих ғылымдары академиясы: виртуалды шақыру» онлайн олимпиадасы студенттердің жоғары дайындық деңгейін және тарихқа деген қызығушылығын көрсетті. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.
Әркім өз білімі мен талантын көрсете алатындай тақырыптар мен форматты кеңейте отырып, мұндай шараларды жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз.
Сатыбалды Марияш Нурлановна.
ЖГП кафедрасының тарих пәні оқытушысы