Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 14 қараша 2024 14:41

Отбасым – менің мерейім!

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Т-21 тобының білім алушыларымен «Отбасым – менің мерейім» тақырыбында куратор сағаты өткізілді.

Бұл шараның басты мақсаты – білім алушыларға отбасының маңыздылығын түсіндіру және оларды отбасына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезіміне тәрбиелеу болды.

Әрбір білім алушы өз отбасының құндылықтары жайлы бөлісті. Талқылау барысында қатысушылар отбасы ұғымының әр адам үшін ерекше мағынасы бар екенін, оның әр түрлі көрініс табуы мүмкін екенін айтып өтті. Отбасының адамға беретін жылуы, қолдауы, сенімі мен махаббаты – әрбір адамның өмірінде ерекше орын алатын сезімдер екені туралы өз ойларымен бөлісті.

Куратор сағатында қатысушылар топтарға бөлініп, отбасы маңыздылығы жайлы нақыл сөздер жазып, маңыздылығымен бөлісті.

Осы куратор сағаты  нәтижесінде студенттер отбасының өмірдегі орнын түсініп қана қоймай, өздеріне жақын жандарға ризашылықтарын білдіруге мүмкіндік алды. Білім алушылар үшін бұл тек куратор сағаты ғана емес, сонымен бірге рухани толысу, ішкі жан-дүниені байыту сәті болды.

 Топ жетекшісі: Абжанова А.К.,

                                                                                      Т-21 тобының білім  алушылары:

                                                                                           Джумабаева Айша, Қойшан Аружан.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео