Турнир World Schools Debate Format (WSDF) форматы бойынша ұйымдастырылып, жарысқа кемінде 10 команда қатысты.
Турнирдің басты ұраны «Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын» – бұл Ахмет Байтұрсынұлының ұлтқа қызмет ету, білім мен ғылым арқылы болашақты жарқын етуге шақырған өмірлік қағидасы. Осындай қанатты сөз турнир қатысушыларына ұлттық намыс пен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіндіріп, оларды рухтандырды. Біртұтас тәрбие аясында аталмыш турнир қатысушы спикерлердің зияткерлік əлеуетін арттырып қана қоймай, оларды патриотизм мен азаматтық жауапкершілікке тəрбиелеудің маңызды қадамы болды. Жалпы, бұл турнир қатысушыларға өз ойларын еркін білдіріп, шешендік өнерін дамытуға, командалық рухты қолдауға жəне өз болашағына жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік берді.
Турнир үш кезеңнен тұрды:
- Іріктеу кезеңі – барлық командалар арасынан үздіктер таңдалды.
- 1/4 жартылай финал – финалға жолдама алу үшін төрт үздік команда тартысты ойын
көрсетті.
- Финал – ең мықты командалар жеңіс үшін жарысты. Бас төрешілік қызметін қалалық дебат ойындарының координаторы, дебат ойындары бойынша түрлі деңгейдегі чемпион Арыстан Нұралы Нұрланұлы атқарды. Финал нəтижесі бойынша:
1-орын – Сырбай Мəуленов атындағы гимназияның "Сырбай ұрпақтары" командасы;
2-орын – 15-ЖББМ-ның "Назар" командасы;
3-орын – Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің "Among the Best" командасының
мүшелері:
Ак-21 тобының студентті Шаувенова Арайлым
М-31 тобының студентті Жусупов Жандос
Т-11 тобының студентті Байжан Гульназ
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! «Алаш болашағы» клубының жетекшісі Сандыбекова Жансая Нурлановнаға қолдауы үшін алғыс білдіреміз!
Ак-21 тобының студентті Шаувенова Арайлым