Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 03 желтоқсан 2024 09:13

«Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!»

Адам өмірінде ең басты құндылықтардың бірі — адалдық. Адал болу, адал еңбек ету және адал табысқа қол жеткізу — тек жеке тұлғаны ғана емес, бүкіл қоғамды жетілдірудің негізгі жолдары болып табылады.

Осы құндылықтарды ұстанған адам өзіне және өзгелерге құрметпен қарап, өміріндегі қиындықтарды адал жолмен жеңуге тырысады. Адалдық — бұл қоғамның іргетасы, еңбек — оның тірегі, ал табыс — бұл еңбектің нәтижесі. Осы үш құндылықты ұстана отырып, адам өзін де, қоғамды да жоғары деңгейге көтереді. Адал адам, адал еңбек, адал табыс — бұл әлемдегі ең құнды нәрселердің бірі. Тек осы қағидалармен өмір сүргенде, адам шынайы бақыт пен жетістікке жетеді. Т-31 тобында  «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!» тақырыбында топ сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты – студенттерге адалдық пен еңбексүйгіштік құндылықтарын түсіндіру, қоғамда әділдікті сақтау мен таза табысқа жетудің маңызын ұғындыру. Топ сағаты барысында студенттер адалдықтың адам өміріндегі маңызына тоқталып, тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Топ жетекшіміз тақырыпты жан-жақты талқылап, адал еңбек пен әділ табыстың өмірдегі рөлі туралы нақты мысалдар келтірді. Осы тақырып төңірегіндегі сұхбат студенттерге адал болудың қаншалықты маңызды екенін ұғынуға мүмкіндікбереріне сөзсіз сенімдімін.

Жармухамбетова А.А.,

Т-31 тобының студенті Шаймерденова Диана

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео