Мерекелік іс-шараның мақсаты:
1)Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын тереңірек ашу,оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.
2)Тәуелсіздік ұғымының мән-мағынасын ұғындыру,оны бағалауға,қорғауға тәрбиелеу.
3)Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
4)Ұлттық құндылықтарды насихаттау,ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Мерекелік іс-шара барысы:
Іс-шара үш бөлімнен құралды ”Рухани бастау”, ”Тәуелсіздік тағылымы”,”Болашаққа сенім” деп аталды.
Іс-шараның бірінші бөлімінде: оқушылар қазақ елінің тарихынан сыр шертіп «Біз,алуан түрлі тағдыр кешіп,байтақ даладан күш қуат алып өскен елміз!» деген рухты сөздер айтып іс-шараның басын жандырды.Қазақстын Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды.Оқушылар тәуелсіздік туралы өлең шумақтарын айтып.Сыныбымыздың ұлдары «Туған ел»әнін шырқады.
Іс-шараның екінші бөлімінде: ақындардың тәуелсіздік хақындағы өлеңдерін жатқа айтты.Еліміздің сан ғасырлар бойы басынан өткізген тарихын,осы күнге қалай жеткеніміз туралы «Тәуелсіздік тұғырым»атты бейнебаян көрсетілді.Оқушыларға бейнебаян бойынша Wordwall бағдарламасынан еліміздің жеткен жетістіктері туралы сұрақтар қойылды.Оқушылар түгел сұрақтарға белсене жауап берді. Сыныбымыздың қызғалдақ қыздары «Тәуелсіздік ел ұраны» әнін шырқады.
Іс-шараның “Болашаққа сенім”атты үшінші бөлімінде: оқушылар еліміздің болашағына көз жіберіп «Мен елімнің болашағымын. Әлемдік ғылымға жаңалық әкелетін,ғарышқа ұшып,жаңа көліктер жасайтын менмін»деген қанатты сөздерді айтып еліміздің болашағы өздері екенін сезінді.Іс-шарамыздың соңын көк туымызды желбіретіп еліміздің екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнімен аяқтадық.
Қорытынды: бұл іс-шара жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді.Елінің өткені мен бүгінін бағалайтын ертеңіне сеніммен қарайтын жас буын өсіп келе жатқанын көріп,көңілге қуаныш ұялайды.
Қыдырқожаұлы Диас
МҚБ-22 тобынын студенті
Әдіскері: Сандыбаева А.Б.