Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 8 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« January 2025 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сәрсенбі, 22 қаңтардың 2025 21:39

Тәрбиеші мамандығын игерудің алғашқы шарттары

Тәрбиешінің жеке басының үлгісі- жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себеппен де ол үнемі жинақты, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы әдемі, салмақты келіп, асықпай, байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандықтан, жақсыны да, жамандыда тез қабылдайды.

Біз 21 қаңтар күні Т-21 тобымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің №5 бөбекжайына барып, жұмыс қызметімен таныстық. № 5 бөбекжайы меңгерушісі Досмакова Динара Жакеевна өз мекемесімен таныстырып шықты. Өзінің бөбекжайы туралы қызықты сәттері мен білім беру ұйымы туралы біраз мәлімет берді.
Қазіргі заманауи талабына сай безендірілген «Ұлттық шеберхана» бөлмесіне апарды. Бөлмеде ұлттық асықтан жасалған түрлі ойындар, қол моторикасын дамытуға, ойлау және сөздік қорларын дамытуға қызықты дамыту ойындар жинақталған. Білім алушыларға осы бөбекжайы тәрбиешілерінің өз қолдарынан жасаған ойындар қатты қызықтырды. Сонымен бірге бөбекжай ішіндегі безендірілген «Үй жануарлар» бөлмелері білім алушыларды таң қалдырды. Одан кейін топтарды аралап , музыка және қауіпсіздік ережесін сақтау бөлмелерін қарап, ҰҚ-н қарадық. Ашық сабақтар ересек «Қызғалдақ» тобының балаларымен жүргізді. Дене шынықтыру нұсқаушысы Омарова С.К өзінің ұйымдастырылған қызметін жоғарғы деңгейде өткізе білді. Көрсетілген дене шынықтыру ҰҚ-і талапқа сай болды және әр бөлім бағдарламаға сай өткізілді.Балалар жас ерекшеліктеріне қарай бәрін түсініп, жаттығуларды, қимылды ойындарды өте көңілді әрі шапшаң орындай алды. Сонымен Т-21 тобының білім алушылары қазіргі заманғы балабақшаларда қандай жағдай жасалғанын білді.
Мұндай іс-шара жақында ғана «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының өндірістік тәжірибені енді бастап жатқан білім алушыларға өте ұнады, өйткені олар енді ғана мамандықты игеруде!

Әдіскер: Рахпанова Б.Г
Т-21 тобының білім алушылары: Кубек Жансая , Бимагамбет Жансая

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео