Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 8 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« January 2025 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сәрсенбі, 22 қаңтардың 2025 21:43

Түлектермен сұхбат, кәсіби шыңдалу ретінде

Бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау – бүгінгі күннің басты талабы. «Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді.

Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар.Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша түспейді. Қалаған мамандығын меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен жұмыс істеуге құлқы болмайды.
Биылғы Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің 4 курс студенттерінің мазалап жүргені де осы сұрақ? ҰБТ –ы тапсыра аламын ба? – Қалай тіркелсем болады деген сұрақтар ....
Осыған орай біздің колледжге 2024 жылы бітірген Т-41 тобының түлектері: Акбаева Аружан және Басенова Айдана 20 қаңтар күні бізде қонақта болды.
Акбаева А.: В002- мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» Астана халықаралық университетіне( грант) түскен болатын. Қазір үйіне демалысқа келді.Ал Басенова А.- В002- мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіде(грант) оқып жатыр. Келген уақытта мен оларды бірден биылғы бітіргелі жатқан Т-41 тобына қонаққа келіп,өз ойларымен бөлісті. Өздерінің оқуға ( грант) қалай түскені жөнінде,әрі қандай қиыншылықтар болғанын айтты. Аружан мен Айдана кезектесіп жалпы ҰБТ –ы тапсыру талаптарын , қалай тіркелуге болатыны жөнінде және көбінесе өздерінің оқып жатқан педагогика мен психология пәндерінен сұрақтардың келетінін айтты. Содықтан педагогтардың 4 жыл бойы берген білімдері бізге өте көп көмегі тиді деп, педагогтарға да алғыстарын білдірді.Білім алушыларға «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша әдістемелерді оқыңдар, оқысаңдар әрине өз қалауларыңмен оқуға түсуге біздің елде де мұмкіндіктер көп екенін айтты.Биылғы бітіретін Т-41 тобының білім алушыларға сәттілік тілеп, бізде оларға биік шыңдардан көрінуге тілектес білдіріп, жылы шыраймын қоштастық. Осындай бітірген түлектермен кездесіп көзбе – көз тілдескен анағұрлым кәсіби шыңдалуға мүмкіндік береді екен.
Осындай кездесулер колледжімізде педагогика мамандықтарының маңыздылығы мен артықшылықтарын дәріптеп, бітіруші түлектердің адаспай білім алатын Ордасын ғана емес, өмір сүретін ортасын дұрыс таңдауына көмек ретінде кәсіби бағыт бағдар беру жұмыстары жүргізілуде.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес.
Бірақ,біздің Қостанай жоғары педагогикалық колледжін тамамдап жоғары білім алуға ұмтылған әрбір түлек болашақта кәсіби ,білікті маман болады деп сеніммен айта аламын.

Оқытушы: Рахпанова Б.Г.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео