Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 8 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« January 2025 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сәрсенбі, 22 қаңтардың 2025 21:51

Шынайы білімнің іргетасы - ойын арқылы қаланады

Балалықтың қанына ойын азық.
С.Торайғыров.

Біз бүгін «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласының білім бөлімінің №9 бөбекжайына» практика аясында бардық. Бөбекжай ұжымы бізді ерекше қонақжайлылықпен қарсы алып, жылы шырай танытты.

Бұл мекемеде мектепке дейінгі балаларды дамытуға арналған заманауи әдістерді қолдану және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған жұмыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына куә болдық.
Семинар-практикумның негізгі тақырыбы – «Мектепке дейінгі балалардың инженерлік шығармашылық жүйесіндегі робототехника және құрастыру» болды. Іс-шараның мақсаты: балалардың робототехникаға деген қызығушылығын арттыру, олардың логикалық және математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін жетілдіру үшін жаңа буын LEGO конструкторларын тиімді пайдалану әдістерін меңгерту.
Семинар-практикумның басында біз ересек және мектеп алды даярлық тобының балаларымен танысып, олардың шығармашылық өнерлерін тамашаладық. Балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері әр жеке жас топтарының қол еңбектерін көрсетіп, LEGO конструкторларын қолдану арқылы қандай нәтижеге жеткендерін түсіндіріп берді.
Балалар жасаған жұмыстар арасында әртүрлі модельдер мен шағын роботтардың ерекше орын алатынын атап өтуге болады. Әсіресе, «Тышқанның ірімшікке кедергілер арқылы жетуі» атты жобасы біздің ерекше назарымызды аударды. Бұл ойын түрінде ұйымдастырылған робототехникалық тәжірибе балалардың математикалық қабілеттерін дамытып, логикалық ойлауын жетілдіруге көмектеседі. Жобаның күрделілігі мен қызықтылығы кішкентай баланың өз қолымен жасалғандығының өзінде. Әдіскерлер балалардың мұндай жұмыстарды орындау барысында олардың ұсақ моторикасын, қиялын және шығармашылық қабілеттерін қалай дамытатынын нақты мысалдармен көрсетті.
Іс-шара соңында балабақшаның педагог-психологы бізге арнап шағын рефлексия өткізді. Бұл рефлексияда әр қатысушы өз әсерлерін бөлісіп, семинардан алған маңызды ойларын талқылады. Психологтың кәсіби шеберлігі мен жылы қарым-қатынасы бізге жақсы көңіл-күй сыйлап, күннің қорытындысын шығаруға көмектесті.
Бұл семинар-практикум мектепке дейінгі білім беру саласында жаңа технологияларды қолданудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Робототехника мен құрастыру әдістерін енгізу балалардың тек шығармашылық қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар логикалық және аналитикалық ойлауын дамытуға ықпал ететінін көрсетті. № 9 бөбекжай ұжымының кәсібилігі мен шығармашылығы бізді ерекше әсерге бөледі. Осындай іс-шаралар білім беру сапасын арттырып, балалардың болашағына жарқын жол ашады.

Т-21 тобының білім алушылары:Джумабаева Айша,
Қойшан Аружан.
Топ жетекшісі: Абжанова Акбала Куанышовна.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео