« Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 61 бөбекжайында» КМҚК музыка ұйымдастырылған іс-әрекетін көрді.
Музыкадан ұйымдастырылған іс-әрекет балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін оятудың жарқын үлгісін көрсетті. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптарымен танысып, олардың үнін тыңдап, ұлттық өнердің бай мұрасын сезіне алды.
Музыкадан ұйымдастырылған іс-әрекетінде балалар домбыраның сүйемелдеуімен қазақтың халық әндерін тыңдап, бірге қосылып орындады. Педагогтер музыканың ерекшеліктерін ойын түрінде таныстырып, балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға үлкен мән берді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында ойнау жақсы мүмкіндік берді.
Біз бүгінгі музыкадан ұйымдастырылған іс-әрекет аясында балалармен жұмыс жасаудың әдістемелік жағынан таныстық. Музыкадан ұйымдастаралған іс-әрекетінде тәрбиеші мен музыка жетекшісінің байланысын бақыладық. Мектепалды даярлық топтарында ұйымдастырылған іс-әрекет аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының балалармен ойын түрінде, тыңдалым, ән айту барысында дұрыс қолданылуын бақыладық.
Біз болашақ тәрбиешілер осындай ашық ұйымдастырылған іс-әрекет аясында өзіміздің мамандықтарымызбен практикалық жағынан да таныстық. № 61 бөбекжай ұжымына алғысымызды білдіреміз, шығармашылық табыс , өнерлі балаларыңыздың көбейе берулеріне тілектеспіз.
Т-21 тобының білім алушылары: Қауыс Әсел.,
Есмурзина Мансия.
Топ жетекшісі: Абжанова А.К.