Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Шет тілдерін оқытудағы инновациялық тәсілдер: сын-қатерлер, стратегиялар, артықшылықтар» атты халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шара Қазақстан және жақын шетелдегі техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында шет тілдерін оқыту саласындағы заманауи тәсілдер мен педагогикалық идеяларды талқылауға арналды.
Конференцияның мақсаты:
Шет тілдерін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерге назар аударып, педагогикалық білім беру жүйесінде инновацияларды енгізу жолдарын анықтау, сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға жағдай жасау.
Конференция барысы:
Конференцияның салтанатты ашылуында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің басшысы Құсайын Жомарт Қонырбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Чуркина Татьяна Александровна конференция жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Қазылар алқасы құрамында колледж әдіскерлері мен тәжірибелі педагогтар болды. Олардың қатарында педагогика ғылымдарының кандидаттары Морозова Дина Аскатовна мен Бежина Виктория Валерьевна, сондай-ақ Қостанай жоғарғы педагогикалық колледжінің тәжірибелі мұғалімдері бар.
Конференция барысында әртүрлі секциялар ұйымдастырылды, онда студенттер өздерінің ғылыми зерттеулерін ұсынды.
Сонымен қатар, студенттер инновациялық технологиялар мен креативті оқыту әдістерінің артықшылықтары туралы ой бөлісті.
Конференцияның соңында үздік баяндамашылар дипломдармен марапатталды.
1 орын- Ербулатова Диана Мереевна, мамандық 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілік 4S01140605Шетел тілі мұғалімі, Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 3 курс білім алушысы.
Тақырыбы: «Using AI in English lessons».
Ғылыми жетекшісі: Давлетова Адеми Ерсайыновна, ағылшын тілі оқытушысы
2 орын- Кузембаева Махаббат Саматовна, мамандық 01140100 Бастауышта оқытупедагогикасы мен әдестемесі, біліктілік 4S01140102 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі, 4 курс білім алушысы, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі.
Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының лексикалық қорын кеңейту үшін ойын әдістерін пайдалану».
Ғылыми жетекшісі: Шопанова Асель Булатовна, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі филология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы.
Махина Дильназ Жаркыновна, мамандық 01140100 Бастауышта оқытупедагогикасы мен әдестемесі, біліктілік 4S01140102 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі, 4 курс білім алушысы, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі.
Тақырыбы: «Бастауыш мектепте ағылшын тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы диалогтық сөйлеуге үйрету».
Ғылыми жетекшісі: Буранова Асем Бисенбаевна, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі филология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы.
3 орын -Ынтазар Айша Болатқызы, мамандық 01140100 Бастауышта оқытупедагогикасы мен әдестемесі, біліктілік 4S01140102 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі, 4 курс студенті, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі.
Тақырыбы: «Бастауыш мектепте ағылшын тілі сабақтарында дамыту ойындарын пайдалану арқылы танымдық дербестік пен шығармашылық белсенділікті арттыру».
Ғылыми жетекшісі: Шопанова Асель Булатовна, Қостанай жоғары педагогикалық колледжі филология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы.
Жилқайдар Меруерт Исатайқызы, мамандық 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілік4S01140605 Шетел тілі мұғалімі, Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 3 курс білім алушысы.
Тақырыбы: «Benefits of Using AI in English Language Teaching».
Ғылыми жетекшісі: Мухтарова Шолпан Еркебаевна, арнайы пәндер оқытушысы.
Сонымен қатар қазылар алқасының мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Бұл конференция шет тілдерін оқытудағы заманауи тәсілдер бойынша құнды тәжірибе алмасу алаңына айналды. Жас педагогтер мен болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ететін мұндай іс-шаралардың маңыздылығы зор.
Қостанай жоғары педагогикалық колледжі филология кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы: Казакбаева Айнура Бейсенбаевна