Өз талантын, тұлғалық және жеке қасиеттерін, педагогикалық техникасын, әртістілігін, шешендік қабілетін «Бастауыш білім беру», «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркем шығармашылығы» мамандықтарының студенттері көрсетті.
«Бастауыш білім беру» мамандығын У-43 тобының студенті, Баланчивадзе Диана; М-41 тобының студенті, Итугулова Гульнура; А-43 тобының студенті, Хижняк Дарья қорғады. «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркем шығармашылығы» мамандығын Муз-41 тобының студенті, Тулепбаева Жулдызай қорғады.
Қатысушылар сайыстың үш түрінде бақ сынасты: «Визит карточкасы» (өзін-өзі таныстыру), «Педагогикалық табыс» (әдістемелік әзірлеме); «5 минутта үйретемін» (өзінің шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, шеберлік-сыныбын көрсету).
Кез-келген сайыс – бұл жұмыс, тек қатысушылар үшін ғана емес, сонымен бірге әділқазылар үшін де қиын шығармашылық жұмыс. Қатысушылардың жұмысын қатал, бірақ әділ әділқазылар бағалады:
1. Зачинова Татьяна Федоровна, «Қостанай қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің №30 орта мектебі» ММ бастауыш сынып мұғалімі
2. Чеботарь Константин Алексеевич, «Қостанай қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің Қостанай қаласының балалар шығармашылығы Мектебі» ҚМҚК бұқаралық бөлімінің меңгерушісі
3. Жетпіс Келдібек Кәкімұлы, алгебра пәнінің оқытушысы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты»
«Педагогикалық шеберлік-2018» сайысының жеңімпазы Баланчивадзе Диана болды, 2-орынды Хижняк Дарья иеленсе, 3-орынды Итугулова Гульнура мен Тулепбаева Жулдызай өзара бөлісті.
Біз «Педагогикалық шеберлік-2018» сайысының жеңімпаздарын құттықтаймыз. Сайыс қатысушыларына шығармашылық табыс, батылдық, руханилық пен бақытты шығармашылық болашақ тілейміз.
«Математика және
ақпараттық технологиялар»
кафедрасының меңгерушісі
Дуйсенбаева А.К.