Буккросинг – бұл кітап ауыстыру, яғни таныс емес жандармен кітап айырбастап, сонымен қатар сол кітаптар қатары орналасқан арнайы орын. Book сөзі ағылшын тілінен аударғанда «кітап», ал Crossing — «айырбастау жері». Колледжімізде кітап алмасу үшін максималды «орын» бірінші қабаттағы арнайы демалыс орнында орналасқан.
Студенттер мен колледж ұжымы кітап алмасу идеясы туғанда үнемі қолдау көрсетеді. Оқу жылы енді бастау алып, жұмыс қызып тұрғанға қарамастан, кітап алмасу сөрелеріндегі кітаптар жиі ауысып жатыр. Шағын талдауымыздан, көп оқырмандар әдеби классикалық әдебиетке қызуығушылық танытуда. Сондықтан классикалық әдебиет қашанда маңызды деп айтуға болады. Буккросинг жалғасуда, сондықтан барлық қызығушылық танытқан жандарды біздің акциямызға шақырамыз!
Кітапхана меңгерушісі
Швец Т.А.