Көрмені «Әлеуметтік мәдени қызметі және халықтың көркемдік шығармашылығы» мамандығының бірінші және үшінші курс студенттері тамашалады.
Көрме залында суретшінің екі ондаған картиналары ұсынылды. Бір қарағанда, суреттер эмоционалды және жарқын түстер палитрасы, түрлі нысандар мен экзотикалық композициялармен әсер етеді. Гүлдананың еңбектері көрмеге алғаш рет қойылып жатқан жоқ. Олар Астанадағы ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде өткен көрмеге елордалық суретшілердің назарын аударып, шетелге (Сан-Марино, Италия) барып қайтты. Қазір суретші сәндік-қолданбалы өнер және дизайнерлік өнермен айналысады, сондай-ақ, Астанадағы «Тұран» колледжінде арнайы пәндерден сабақ береді.
Студенттер біздің отандастарымыздың шығармашылығын жоғары бағалап, көркемдік формаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер алды, шығармашылық белсенділікті және өзін-өзі жүзеге асыру үшін шабыт ала білді.
«ДПМ и дизайн» кафедрасының арнай пәндер оқытушысы
Садовникова Е.В.