Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 02 қараша 2018 10:04

«Мәнерлеп оқу»

Rate this item
(1 Vote)

«Мәнерлеп оқу» үйірмесіне қатысатын студенттердің колледж мерейтойына, кураторларына, студенттік өмірге, осы мамандықты қалауға себепші болған адамдарға арналған шығармашылық өлеңдері. Жетекшісі: Жармухамбетова А.А.

Мұратбек Әсемай

Т-11 тобының студенті

Ұстаз

Ұстаз деген әрқашанда жоғары, 
Ұстаздармен бар көңілің толады.
Ұстаздарсыз мына біздер ешқашан,
Танымас ек әріптер мен сандарды.

Ұстаздарға бас иеміз қашанда,

Ұлы тұлға біздер үшін ғаламда.

Ұстаздарға тілейтінім сондықтан,

Орындарың болсын әр кез жоғары.

 

Орындарың болсын әр кез жоғары, 

Келдім мен де болу үшін мұғалім.
Бала десе ойламайтын үй жағын, 
Бір ұстазды пана тұттым жаныма.

Ол кісіні жақсы көрем ,сезімтал,

Мақтан тұтам АЛТЫНГҮЛДЕЙ апайды.
Көрген бәрін бөліп жармай қуанып,
Құрмет тұтып бас иемін сізге мен
Табысты боп жүз жасаңыз, ПАНАШЫМ!

 Қайрат Дамира

Т-21 тобының студенті

 

 Куратор-ұлы тұлға

Куратор, шәкірттің жан ашыры,

Қамқор ана ұлылықтың дара шыңы.

Мен үшін қасиетті ұстаз деген,

Тең келмейтін әлемнің бар асылы.

Біздерді өз қызынан кем көрмейтін,

Надандық пен жалқаулықты жөн көрмейтін.

Өмірімнен орын алған ұлы тұлға,

Байлық пен мәнсабында тең келмейтін.

Куратор деп арналсын жырымдағы,

Ақтарсам жүрегімнің сырын тағы.

Куратор символыгой жақсылықтың,

Біздер оның шуағы нұрындағы.

 Кунжанат Оразовнадай ұстазым бар,

Әрқашан үлгі тұтып мақтанарлық.

Күлімдеп жүрсе  екен мәңгі жайнап,

Мұның өзі бір бақыт шаттанарлық.

 

Тулепова Айнагуль

Т-31 тобының студенті

 

 Куратор

Куратор - ол біздің анамыз

Қарап тұрсақ, ол біздің панамыз.

Студенттік шақта ақыл айтар,

Куратор -  ол біздің данамыз.

 Куратор-әр студентке жақсы адам,

Топ ішінде ештеңе жасырмаған

Тек алға қадам бастыртып,

Жақсы жолмен жүруді ұсындырған.

 Куратор студенттерге ұлы тұлға

Бұл тұлғаны болмайды ұмытуға,

Студенттерге көп нәрсе үйреткен

Куратор әрқашанда биік тұлға.

 Біздің апай тым жақсы адам,

Бұл сөздерді еш студент жасырмаған

Т-31 тобымен бірге жүріп,

Еш уақытта қиын кезде бас ұрмаған.

 Куратор болып жүру,қиын сірә

Ол үшін ең керегі білім ғана,

Рахпанова Бағытгуль Ганиевна

Биіктерден көрінерсіз,сізде сірә.

  Ли Софья

Ар-11 тобының студенті

 

 Родные стены

Как много эти стены повидали:
Выпускников и лиц учителей,
Они всё это время тихо ждали,
Когда наступит юбилей.
Пятьдесят пять исполнится сегодня
Родному колледжу в осенний день.
Желаю становиться благородней
И светом знаний озарить всю тень.
Частичку счастья он в жизнь мою привнёс,
И мудростью учителя делились.
Он всю печаль своим крылом унёс.
В нём знанья и покой соединились,
И чувства переполнят душу,
Последнее, что я хочу сказать,
Лишь колледж сделал мир мой глубже,
Ему хочу успехов пожелать.
И вновь, и вновь встречать студентов новых,
Выпускников с любовью провожать.
Здесь каждый станет образован,
Наш колледж буду вечно уважать.

 

Дюсенбекова Гульдана

Ак-21 тобының студенті

 Колледжімізге 55-жыл

Алпыс екінші  жылда болдық ашылғанда,

Қанша жолдан, қанша ізді баса жүрдік

Ал енді міне келді құтты күніміз,

Студенттер,біздің колледжге 55-жыл!

Қанша адам бұл жердің түлегі болды,

Қанша адам бұл жердің ұстазы болды

Ұлағат қып, іздерін баса жүрдік,

Ардагермен, ұстаздар ізді болды

Міне, мындай күндері тату болайық,

Осы күнге жеткенге сау болайық

Әлем тында, студенттердің ойларын,

Ақыл, тілек, ізгілікке толған жырлар

Студенттер есті, тында, біле жүр,

Біздің  де колледжге 55-жыл!

Бұл мерейлі күнде бізде,

Колледжімізді осы күнмен құттықтаймыз

Алыс деген таулардан көріне бер,

Асқақ деген атқа да іліге бер!

Бұл колледждің студенті бізде болдық,

3 жылдан соң түлегі де боламыз

 Жұмағазы Әліхан

М-21 тобының студенті

 

 Студенттік өмір

Түсіндім студенттік өмірді

Қызықты көңілді,үзінді

Ғұмырыңның алтын күні

Көрдім студенттік өмірді

 Осы бір бөлімнен табарсың

Жаңа дос, жаңа құрбы-құрдас

Жаңа ғажап өмір есігін ашарсың

Мектептен кейінгі табалдырықтан

Жаңа мекеме, жаңа ұстаз,жетекші

Колледж қабырғасын көрсететін

Жаңа орта, жаңа жүз, тәрбиеші

Тәртібіңді тыйыммен түзететін

«Студент,студент!!!» дегенде

Қуанышың  көкке де жетер

Колледж студенті дегенде

Мектеп кезің есіңе түсер

 Келгенде колледж корпусына

Таң қаларсың езу жимай айнаңа

«Студенті боламын ба колледждің»

-деп,шаттана, ойланарсың тамсана

Линейкада атағанда есіміңді

Естілер жүрегіңнің дүрсі

Естілер біреулердің қуанғаны

Естілер анаңның шатты көңілі

Иә,осылый студенттік өмір

Бұл кезең өміріңде тек болар

Не бары бірақ рет,тек қалар

Есіңде мәңгілік осы өмір

 

Егінбай Аяжан

М-21 тобының студенті

 Қостанай педагогикалық колледжі

Колледжім елубеске толды міне,

Біраз жылдар өтіпғой мен келгенше.

Күндер өтті айлар өтті осыменен,

Мен түстім осы керемет колледжгеде.

Жаңа достар жаңа мекен

Арман болар колледж неткен.

Келеді оқи бергің, оқи бергің,

Әр түлектер бақытпен ұшып кеткен.

 Толып жатыр мамандықтар ,

Мұғалімдер сені, алға  тартар.

Жалықпа тек, ешқашанда шаршама,

Сондағана жетерсін мұратына.

 Қызығы көп бұл колледждің таусылмайтын,

Көп екен тілектері сарқылмайтын .

Көп екен тағыда мұғалімдер

Ешқашанда білімдерін аямайтын.

 Студенттер бар айтқанды екі етпейтін,

Оқу үшін күні түні көз ілмейтін.

Шаршасада, мейлі талсада

Соңында өз нанын өзі жейтін.

Макатова Каракоз

М-31 тобының студенті

Колледжіме арнау

Білім қуған жастардың,

Басын қосқан шаңырақ.

Ұстаз болу әрқашан,

Әр шәкірттің арманы.

Арман қуып келеді,

Ауылдың әр баласы,

Педагогикалық колледжге,

Түседі әр ұлт баласы.

 Ғимараты алыстан,

Мен мұндалап шақырған.

Іші таза, кең жарық

Бар жағдайы жасалған.

 Үйірмелер сан түрлі,

Өнер де бар, спорт та бар.

Әр күніміз қуаныш,

Керемет күш сыйлаған.

 Білім алып сусындап,

Талай шәкірт ұшырған.

Бар ұстазға құрметпен,

Бас иіп алғыс айтамыз.

 Жарты ғасыр жасаған,

Колледжімді құттықтап

Осы өлең жолдарын,

Тарту еттім тойыңа!!!

Сарсенбаева Аруна

М-31 тобының студенті

 

Айгүл Максутовнага

Тәрбиелі жолсалып жүрісімен,

Шәкірттерге білім беріп күшімен.

Бұл күндері үлгіөнеге алып жүр,

Қанша жастар солкісінің ісінен.

Еңбегін деаямастан ісіне,

Адам жанын ұға білген түсіне.

Бар бойында жиналған мол ізгілік,

Құрмет қылып жүрміз бізде кішіре.

 Белестерден белестерге жетіңіз,

Сан асудан қиналмай-ақ өтіңіз.

Бұл өмірдің бар бақытын тілеймін,

Осы жолда талмай еңбек етіңіз

Деніңіз мықты болсын әрқашанда,

Мән бермеңіз басқаларда аттаса да

Ұстаздық жол қиын жол ,Айгүл апай

Бірақ та сіз берілмеңіз ешқашанда.

 Бізге талай мүмкіндікті сыйлаған

Айгүл апай пейіліақ, жақсы адам

Біздер үшін ерексіз ғой басқадан

Айгүл апай мен сізбенен мақтанам.

Біздің топта талай тәртіп орнатқан

Аллаға шүкір мына сізді жаратқан

Алғысымыз шексіз сізге біздердің

Бес күндікті мына бізге сыйлатқан.

Исқақ Айтмағанбет

М-41 тобының студенті

 

Себепші әке

"Қателеспе жолынды таңдауында,
Жүрегіннің қалауы-таңдауын ба?
Олай болса өзің мен жүрекке сең,
Ұмтыла бер, қарағым арманына"
Деді әкем бір күні қарап тұрып,
Сенімсіздеу кішкене, біраз тұнып.
"Сен" - деді, сәтсіздікке мойымағын,
Байлыққа емес, балам-ау, іске құнық.
Ең бастысы өмірде - адам болу,
Маңызды емес жылынып, кейде тону.
Ұстаз болу - егер де жолын болса,
Сәтін менен бағынды соған жору.
Сөздерін әкешімнің тастамадым,
Сөздерден ұзақ жолға бастау алдым.
Бақ сынадым түсерде колледжіме,
Таң қалыңыз, түстім мен, жасқанбадым.
Оқып жүрмін мінекей ұстаздыққа,
Бәрі де бар, қанағат бұл азыққа.
Бұның бәрі - арқасы ата-анамның,
Тастамаған баласын жалғандыққа.
Рахметім шексіз менің екеуіне,
Себеп болған адасып кетпеуіме.
Жүрегімнің қалауын сезіп тұрып,
Мына мені бақытты еткеніне.
Ашып берген еркіндік мына жолды,
Түстерімде сол бір жан мыңға толды.
Ұстаз болу жолымды таңдауымда,
Арым менің - себепші әкем болды.

Read 2535 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео