Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 02 қараша 2018 15:12

Педагогикалық талап

Rate this item
(11 votes)

А.С. Макаренко: «Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға, ұжым ішінде тәртіп орнатуға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі түсінікті нәрсе.

Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын», - деп айтып кеткендей. 01.10/2018 - 27.10.2018 ж. аралығында Қостанай қаласының №24 мектеп-гимназиясының 1 «А», 1«Ә» және 1 «Б» сыныптарында «байқау практикасынан» өткен Қостанай педагогикалық колледжінің 4-курс студенттерінің алдына жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламаларымен жұмыс жасау талабы қойылды.

Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігіне сай студенттер өз сабақтарында оқушылардың рухани-адам­гершілік құндылықтарын дамыту, оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, өмірмен байланыстар орнату талаптарын алға қойды. Сонымен қатар тілдік құзіреттілік дағдысын  дамыту мәселесін еш ұмыт қалдырған жоқ.

Осы күрделі талаптарды орындауда оқушылaрға психологиялық жағдай тудырып, жұптық, топтық жұмыcтaр ұйымдастыру арқылы, cынып iшiндегi доcтық қaрым-қaтынacтың күшейуіне және деңгейі орташа оқушылaрдың caбaққa қaтыcу мүмкiндiктерiн aрттыруға жету жолдарын бастауыш сынып жетекшілерінің және практика әдіскерлерінің көмегімен болашақ мамандарымыз практика жүзінде біліктіліктерін дамытуда.

Жалпы оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара сенімді қарым - қатынасы педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал етеді.

Абдулина Гульмира Зейнеловна

«Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы

 

Read 5802 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео