Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« May 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Сейсенбі, 06 қараша 2018 15:58

Қостанай Педагогикалық колледжінің скауттары жайлы ақпарат

Rate this item
(8 votes)

26-қазан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде скауттық топ мүшелері болып «Жас аймақтық зерттеушілер» отырысына 2-рет қатыстық. 

Клубтың қызметі «Туризм», «Тарих» мамандықтарының студенттерін, сондай-ақ Қостанай педагогикалық колледжінің екінші 1 курс студенттерін қызықтырды. Қостанай педагогикалық колледжінен Ростислав Мельников (АР-13), Иржанова Алсу (АР-23), Маряк Динара, Мурзагалиева Аружан, Кенжибаева Аида (АК-21) және скауттық топ басқарушысы Шагатаева З.Ж бардық. Бірі болашақ педагог, бірі туризм және тарих саласында жұмыс істейтін адамдар болса да, мақсаты бір. Ол мақсат-жалпы Қостанай өңірінің тарихын зерделеу, ондағы құрметке лайық педагогтардың және ірі тұлғалардың есімдерін мәңгі жастардың есінде сақтау болып табылады.

Конференцияны Тарих ғылымдарының кандидаты, ҚМПУ қосымша білім беру факультетінің деканы Самаркин Сергей Владимирович бізге Қазақ жерінде тұрған және қазір де тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері жайлы баяндаудан, бірнеше неміс ұлттарының қазақ еліне жазған кітаптарын таныстырудан бастады. 3-4 осы тақырыпта шыққан жаңа кітаптарды алып келіп, ішіндегі мәліметтерді бізбен де бөлісті. Презентациядан көптеген оқиға дәлелдерін көрсеріп, көптеген жайт туралы мағлұмат берді. Өзінің туған жерін зерттеуде өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Одан соң Ар-23 тобының студенті Иржанова Алсу ортаға шығып, Мухамеджан Карабаев пен Серик Султангабиев сияқты ірі тұлғалар туып өскен Введенка ауылына барған скауттық 2-сапарларын шын көңілімен баяндап берді. Серик Султангабиев туралы толық малімет беру үшін Ростислав Мельниковта ортаға шығып, қоғам қайраткерін мақтанышпен баяндап берді.

Сергей Владимирович соңында әрқайсымыздан осы конференция туралы ойымызды сұрап, бізге көптеген осы салада ақылын айтты.

Скауттық топ мүшелері болғандықтан біз әрқашан ізденіс үстіндеміз. Келесі жолы барғанда қалалық архив басқарушысы бізге архивтік құжаттармен жұмыс жасауға үйрететіндігін айтты. Бұл жаңалық біздің алдағы істерімізге үлкен көмегі тиетіндігі анық. ҚМПУ-не келген сайын әр сапарымызды баяндап, қандай әсер алғанымызды баяндап отырамыз. Отырыс соңында алдағы ұлы кеңес дәуірінің педагогы Спандияр Көбеев туып өскен Ақсуат ауылына баратынымызды жоспарлап қойғанымызды айттық.

АК-21 тобының студенті

Маряк Динара

Read 2835 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео