Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 15 қараша 2018 09:57

«Теңге - тәуелсіз Қазақстанның нышаны»

Rate this item
(1 Vote)

«Мен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жоғарғы Кеңеске маған берілген өкілеттіктерге сәйкес, осы жылдың 15 қарашасында таңғы сағат 8-ден бастап елімізде ұлттық валютаны - теңгені енгізу туралы жарлыққа қол қойдым.

Осы сәттен бастап Қазақстанның шын мәнінде тәуелсіз мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы үшін жаңа, маңызды мәні бар кезеңнің кері санағы басталады. Мұндай оқиғалар әр елдің тарихында тек бір рет болады. Біз өзіміздің ұлттық валютаны енгізудің ерекше жағдайлары мен себептерін білуіміз керек. Біз үшін ұлттық валютаның  экономикалық ғана емес, сонымен бірге саяси маңызы бар.»

1993 жылғы 12 қарашада Алматы қаласында  Ұлттық валютаны  енгізуге байланысты қазақстандық теледидарда үндеу жасалды.

Ұлттық валюта - Теңгенің туған күні Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңіндегі маңызды оқиғалардың бірі, сондықтан 1993 жылдың 15 қарашасы тәуелсіз Қазақстанның басты тарихи оқиғаларының бірі болып есептеледі. Теңге енгізілмей тұрып, ақша шығару функциясын Кеңес Социалистік Республикасының Мемлекеттік банкі, содан кейін Ресей Орталық Банкі орындады. Қазақстанда банкнот өндірісі және монета қоймасы болмағандықтан, 1961-1991 жылдары КСРО Мемлекеттік банкі немесе Ресей Орталық банкі шығарған рубльдік банкноттар мен монеталар төлем құралы ретінде пайдаланылды. Екі жыл қатарынан Қазақстан өзінің экономикалық айналымы үшін Ресей рублін сатып алуға мәжбүр болды. Ресей ұсынған шарттар Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндірді. 1992 жылы Ресей өз валютасын енгізді және «рубльдік аймақтан» Қазақстан мен бұрынғы кеңестік республикаларды шеттетті.

 Ағымдағы жағдай ұлттық валютаны жылдам енгізуді талап етті. 1993 жылдың қараша айының басында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық валютаны, теңге құруға арналған мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия ұлттық валютаның енгізілу тұжырымдамасын дайындады, жаңа валютаның енгізілу мерзімі, айырбастау пункттеріне жаңа валютаны тасымалдау, валютаның айырбас бағамы мен қолма-қол ақшаны шектеу мәселелері, айырбастау бағамын белгілеу мәселелері анықталды.

1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шығарылды, онда Қазақстан Республикасының аймағында 1993 жылдың 15 қарашада жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08.00-ден Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгені айналымға енгізу туралы айтылды. Бұл күн ұлттық валютаның ресми күні деп саналады.

1993 жылғы қарашада теңгені айналымға енгізу еліміздің тәуелсіздігін нығайту үшін іргелі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуде қажетті тарихи қадам болды.

Кітапхана қызметкерлері  баршаңызды республикамыздың маңызды оқиғасы ұлттық валюта күнімен құттықтайды және мұғалімдерді, қызметкерлерді және студенттерді ұлттық валютаның айналымға енуінің 25 жылдығына арналған көрмені аралап көруге шақырады.

Кітапхана меңгерушісі

Швец Т.А.

Read 1263 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео