Форумның мақсаты - көпұлтты Қазақстанның жастарын қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, бұл қоғамдағы бірлік пен келісімнің сақталуының негізі.
«Жастар көшбасшылары форумының» басты лейтмотиві -бұл колледж оқушылары арасында іскерлік белсенділікті дамыту және жастардың шығармашылық бастамасы арқылы позициялау.
Кездесуге қатысушылар колледждерде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді, өздерінің жобаларын ұсынды, белсенділер Қостанай облысында жастар қозғалысының дамуына қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.
Форум аясында «Қостанай облысы әкімінің жастар саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы М.К. Журкабаевпен колледждер мен ЖОО студенттерінің кездесуі өтті. Еріктілер қозғалысын дамыту, жас ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі көшбасшыларды дайындау бойынша жастар бірлестіктерінің басшыларымен кездесті.
Қостанай педагогикалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Явош Алена шығармашылық алаңдардың жұмысына қатысты.
«Жастар көшбасшыларының форумы - бұл кәсіпқой және жауапты адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және жастармен өзара әрекеттесудің ең тиімді жолы », - деді Алена өз сөзінде.
Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары
С.М. Морозенко.