Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 04 желтоқсан 2018 09:25

Колледж студенттері SMM-менеджмент бойынша вебинарға қатысты

Rate this item
(2 votes)

29 қараша күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Әлеуметтік желілер және олардың мәні» тақырыбында екі сағаттық вебинар өтті. Вебинарды маркетинг және PR саласының маманы Розмухамедова Эльнора Магруповна басқарды.

Ар-23 тобының 2 курс студенті Иржанова Алсу мен Ар-11 тобының 1 курс студенті Шаймерденова Аружан өздерінің білетінін бізбен бөлісті: «Көбісі Розмухамедова Эльнора Магруповнаны танымағандықтан, ол ең алдымен өзін таныстырып, өзінің бизнесі мен мансабы жайлы айтып кетті . Ол кісінің Лара Фабиан және тағы сол сияқты басқада әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен қарым-қатынасы туралы әңгімелерін тыңдау біз үшін өте қызықты болды.
Одан әрі студенттерге №1 Тапсырманы орындау ұсынылды: Біздің колледжіміздің бренді. Біз туралы қандай пікірде және біздің идеяларымыз". Бірінші тапсырма аяқталғаннан кейін бірден мынадай сұрақтар туындады: "Біз өз оқу орнымызды қалай елестетеміз? Біздің арманымыздағы бренд қандай?". 
Осы екі тапсырма орындалғаннан кейін, біздің туған колледжіміздің келешегін дамыту туралы талқылау қызықты бола түсті! Ал содан соң одан әрі қызықты бола түсті.Бізбен әлеуметтік желілерде жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. Мысалы, кез келген оқу орындарында Facebook және Instagram-да аккаунттар болу қажет екенін білдік, күн сайын, апта сайын, ай сайын мәліметтер жариялау қажет екенін білдік. Бізге айтылған кеңестерге ойлана келе, біз күде бірдей мәліметті жариялауға болмайтынын түсіндік. Жаңа нәрсе енгізу қажет: колледж жаңалықтары, сапарлар, экскурсиялар, көрмелер, үйірмелерге бару, табиғатқа бару, колледждегі жұмыс күндері және т.б. Аралас контент оқырмандардың бізге деген қызығушылықтарын ояту үшін қажет , ал талапкерлердің бізге келу құштарлығын ояту үшін қажет! 
Жеке бренд туралы әңгімеде бізге мықты жақтарын қалай атап көрсету керектігін көрсетті және білесіз бе?...бұл тіпті мақтану емес, бұл мақтаныш! Персоналдар, педагогикалық құрам, қызметкерлер! Барлығы мінсіз болуы керек, бұл жоғары деңгейдегі қызмет деп аталады. Егер біз қандай да бір іс-шараға қатысқымыз келсе, бізде есте қаларлық нәрсе болуы керек, мысалы: бірдей футболкалар, галстуктер, дресс-код және т. б. 
Сайт туралы азырақ: ақпарат жылына кемінде бір рет жаңартылып, үнемі толықтырылуы тиіс. Ол шындыққа сәйкес келуі керек, арнайы ештеңе сұраудың қажеті жоқ, бізде бар нәрсені сипаттау жеткілікті, әрі қаріптер мен безендіру бірдей болуы керек. Қазіргі уақытта тіпті белгілі бір парфюмді пайдалануға болады,бірақ ол қайталанбас және ерекше болуы керек. Түрлі музыкалық үзіліс, күй түріндегі қоңырау үні және т. б. Мұның бәрі біздің мекеменің жақсы ерекшелігі болуы мүмкін. 
"Басқа мекемелерге барыңыз, бақылаңыз, қорытынды жасаңыз. Теріс және оң жақтарын бақылап, түртіп алыңыз. Колледжге ерекше, жаңа нәрсе енгізуден қорықпаңыз...",- дәл осылай вебинар мамандары кеңес береді. 
Осы тамаша іс-шара аяқталғаннан кейін бізде тек жағымды эмоциялар ғана қалыптасты және өз колледжін жақсарту және қалыптастыру бойынша одан да көп идеялар пайда болды. 
Бұған дейін байқағанымыздай, жоғарыда аталғандардың көпшілігі біздің үлкен отбасымыз ҚПК де кездеседі! 
Біздің тамаша белсенділер мен оқытушыларымыздың арқасында біздің колледжіміздің YouTube-те өз арнасы бар, сіз сондай-ақ бізді Instagram, Вконтакте әлеуметтік желілерінен таба аласыз. Табысты оқу орны белгілерінің сипаттамасын тыңдай отырып, біз өз колледжімізді сипаттағандай сезімде болдық, солай емес пе?! өйткені біздің колледж облыстың жетекші оқу орындарының бірі болып табылады. Біз толеранттымыз және тәртіптіміз. Біздің колледжіміз тек Қостанай қаласына ғана емес Қостанайдан тыс жерлергеде танымал. Біз - өз еліміздің жарқын болашағымыз!

Иржанова Алсу, 
Ар-23 тобы

Read 1159 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео