Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« September 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Сенбі, 24 қараша 2018 11:49

Шетел тілдер кафедрасы шақырады

Rate this item
(0 votes)

23 қараша күні колледжде Шетел тілі кафедрасы күні аталып өткен болатын. Іс-шара барысында бұл күні көптеген қызықты сайыстар және концерт ұйымдастырылды.

Колледж студенттері ата-аналарымен бірге қатысатын  қимыл-қозғалысқа толы жарыстар өткізіліп, ата-аналардың колледж өміріне ат салысуына және балаларын жақынырақ  білуге  көмегін тигізді деп ойлаймын. Жарыста жеңімпаз атанған отбасыны назардан тыс қалдырмай, кафедра күнінің қорытынды концертінде  марапаттап, ата-аналарға қатысқандығы үшін алғыстарын айтты.

Сонымен қоса бұл күні Қостанай қалалық № 115, 4 және 22 мектептерінен оқушылар концертке шақырылды. Олар колледж студеттерінің талантты және ақылды екендігін осы іс-шарадан байқай алды. Оларға қысқаша колледждің өмірін, білім беру бағдарламасымен  таныстырып, болашақта олардың да осы оқу орнының студенттері бола алатындығы жайлы ақпарат берді.

Қостанай педагогикалық колледжінің скауттар тобы да өздерінің әр сапарларында колледждің берер мүмкіндіктерін ұлы тұлғалар туып өскен ауыл-аймақтарға әрқашан хабарлап жүретіндігін ұмытпаған жөн.

Маряк Динара, топ Ак-21

Оқытушы Шагатаева З.Ж.

Read 733 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео