Ал бұл қуаныштың себебі, дәстүр бойынша британдық портал Vouchercloud құрайтын, біздің ғаламшарымыздағы ең ақылды, дамыған 25 елдің рейтингінің нәтижелері болып табылады. Рейтинг көрсеткіші бойынша, көш бастап тұрған азиаттық және еуропалық мемлекеттердің қатарына Қазақстан да кірген. Атап өту керек, Қазақстан нәтижелер бойынша әлемнің ең ақылды елдерінің ондығына кірді, дәлірек айтқанда, Қазақстан - АҚШ, Израиль, Финляндия, Нидерланды және басқа да мықты бәсекелестерді артта қалдырып 9-шы орынға жайғасты.
Рейтинг 3 критерий бойынша қорытындыланды:
1) Нобель премиясының лауреаттарының саны;
2) Халықтың оқудағы табыстары(IQ деңгейі);
3) Білім деңгейі.
Бұл біздің мемлекетіміздің үлкен жетістігі, ал бірінші кезекте, еліміздің барлық оқу орындарындағы тамаша, әрі жоғары білікті оқытушыларымыздың зор еңбегі. Неліктен әсіресе оқытушыларды атап өткім келеді, себебі Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларының бірде-біреуі мұғалімдерге деген назардан тыс қалған емес. Дәл солар қысқа уақыт аралығында осындай жоғары нәтижелерге себепкер болып отыр. Менің ойымша, бізге, болашақ мұғалімдерге, кімнен үлгі алып және кімге теңесетін бар, сондықтан жақын арада, біздің Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіріп, өз мақсатына жететініне, әрі соңғы 30-шы емес, жоғары орындардан көрінетініне еш күмәнім жоқ.
Ақпарат www.bilimdinews.kz сайтынан лынды.
Иржанова Алсу, Ар-23 тобының студенті.