70 жыл ішінде ол қандай жолдан жүріп өтті, бұрынғының мұғалімдері мен қазіргі педагогтердің айырмашылығы неде- осы сауалдар төңірегінде әңгіме өрбіді 2019 жылдың 31 қаңтарында өткен Сараптамалық Кеңестің салтанатты отырысында. Оған Қостанай облысы Білім басқармасының басшысы Қ.А. Каткенов қатысты,ол еңбек ардагерлерін, қонақтар мен педагогтерді институт мерейтойымен құттықтап, жаңа педагогикалық жетістіктер тіледі.
- Институт бүгінде қазақстандық білім беру ісін жаңғырту жағдайында өткеніміздің ең бай дәстүрлерін сақтай отырып, педагогтердің біліктілігін арттырудың құрметті де жауапты миссиясын орындау жолында өз қызметін жаңа сапалық деңгейде атқаруда,-деп атап өтті Қ.А. Каткенов.
Облысымыздың білім беру жүйесі мектеп оқушыларының жетістіктері, педагогтердің бірегей тәжірибесі, білім беру ісін ұйымдастырушылардың еңбегі арқылы республикамызға кеңінен танымал. Оқу орнының дәстүрлерін жалғастыра отырып, «Өрлеу»БАҰО» Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» АҚ көптеген тың жобалардың бастамашысы бола алды.
Осынау салтанатты іс-шараның ең қадірменді меймандары педагогикалық еңбек ардагерлері болды,оларға институт қызметкерлерімен бірге ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталары табыс етілді. Ардагерлер мен қонақтар үшін институт тарихы мен оның 13 директоры туралы сыр шертетін деректі фильм көрсетілді.
Сараптамалық кеңестің салтанатты басқосуына қатысушыларға Лопарева Юлия Владимировна жетекшілік ететін «Жүрек дауысы» вокальдық студиясы әсем ән жолдады.
Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері мен оқытушылар қауымы «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы Қостанай облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Акционерлік қоғамы филиалының ұжымына ынтымақтастығы, өзін-өзі жетілдіруге, рухани және кәсіби тұрғыдан өсуге деген ұмтылысы, жаңа педагогикалық технологияларды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
С.М.Морозенко.
директордың тәрбие жұмысы жөн. орынбасары