Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сенбі, 16 ақпанның 2019 10:41

Кураторлардың әдістемелік бірлестігінің отырысы

Rate this item
(0 votes)

Кураторлардың әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде  (бұдан әрі-КӘБ)2019 жылы 15 қаңтарда «Топпен жүргізілетін тәрбие жұмысын жоспарлаудағы өзгерістер» тақырыбында семинар өтті.

КӘБ отырысы барысында мынадай мәселелер қаралды:

1. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру жағдайлары(нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеу кезіндегі ұсынымдар).

2.   Куратор папкасының мазмұнындағы өзгерістер

3.  Куратор сағатын ресімдеудегі өзгерістер

Семинар сұрақ-жауап түрінде өтті.

Семинар барысында қойылған мәселелерді шығармашылық талқылау мақсатымен пікірталас ұйымдастырылды.  Колледж әдіскері С.А. Баекенова тәрбие процесінің мақсат, міндеттерін, оны ұйымдастырудың әдіснамалық, тұжырымдамалық негіздерін, басым бағыттарын еске салды. Адамзатты «дамудың, прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық ділді нығайтудың маңыздылығына қайта бағдарлау» қажет.

Директордың тәрбие жұмысы жөн. орынбасары С.М.Морозенко  пәндік және тәрбиелік әлеуетке ие «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беретін бағдарламасынан үзінділер келтіріп, жаһандану үдерісінің шиеленісуімен байланысты бірқатар проблемаларды атап көрсетті, сондай-ақ тәрбие жұмысының басым бағыттары бойынша бағалау критерийлеріне тоқталды. 

Колледж әдіскерлеріне куратор қоржынын(папкасын) толтыру жөнінде ұсынымдар берілді.  Талқылау пікірталас түрінде өтті.

Кураторлар жұмысының модельдері ойын түрінде қаралды.

 Куратор сағаты әзірлемелерін ресімдеуге өзгерістер енгізілді.

С.А.Баекенова,

әдіскер

Read 850 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео