Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
kubjasarova

kubjasarova

Сейсенбі, 03 сәуірдің 2018 18:00

Локальные акты

Дүйсенбі, 02 сәуірдің 2018 12:14

План работы

Сенбі, 31 наурыздың 2018 15:34

Методическая копилка

Сенбі, 31 наурыздың 2018 15:29

Аккредитация

Сенбі, 31 наурыздың 2018 09:49

Бірінші курсқа нұсқаулық

Бірінші курс студенттеріне жолданым

Қымбатты бірінші курс студенті!

Сені студенттік өмірдің басталуымен құттықтаймыз! Сіздің өміріңіздегі жаңа кезең басталды, ол кәсіби және жеке жетістіктер үшін маңызды трамплин болады.

Енді сен мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру жүйесі үшін педагогикалық мамандарды даярлаумен танылатын оқу орны – Қостанай педагогикалық коледжінің студенті болып табыласың.

Біздің оқу орнымыздың түлектерінің бірнеше буыны Қостанай облысының білім беру және мәдениет мекемелерінде еңбек етуді, отандық педагогиканың даңқы мен мақтанышы болып табылады!

Сен өзіңнің жанына жақын іспен айналыса аласың: қоғамдық жұмыспен, ғылыммен, кез-келген спорттың шыңына жетумен шұғылданасың. Педагогикалық және студенттік ұжым саған сенеді және осы оқу жылдарында сен тек терең білім ғана алып қоймайсың, сонымен бірге құзіретті маман болып қаланасын, әрі әріптестік пен адами қарым-қатынасты бағалауды үйренесің. Саған табыс, денсаулық, барлық бастамаңызға сәттілік тілейміз!

 Бірінші курс студентіне кеңестер

Оқудың алғашқы күндерінде, тіпті апталарында сен өзіңді белгісіздік пен жаңалықтан туындаған алаңдаушылықты сезінуің мүмкін. Бұл жаңа ортаға бейімделумен байланысты жағымсыз табиғи жағдай, дегенмен де уақыт өте келе бәрі өз орнына түседі. Сен жалғыз емес екенінді біл. Жаныңда сені үлкен және тату студенттік «отбасыңа» қабылдаған кураторың, педагогикалық ұжым, курстастарың бар. Міндетті түрде саған жолданған кеңестерді оқы, олар біздің оқу орнымызда өзіңді ыңғайлы сезіну үшін қалай әрекет жасауыңа жол көрсетеді. 

Бірінші кеңес

Әзірге сен кабинеттер нөмерін нашар бағдарлап жүрсің, сондықтан сабаққа 10-15 минут ерте келуді әдетке айналдыр. Бірінші сабаққа кешікпей келетін болсаң, жалпы барлық студенттерге арналған ішкі ережелерді бұзбайсың. 

Екінші кеңес

Кураторды жақсы білуің қажет. Ол - әртүрлі мәселелердің шешімін дереу табуға көмектесетін адам. Бірінші кездесуден бастап, оның аты-жөнін, байланыс телефон нөмірін жазып ал. Кураторға өз жетістіктерің туралы, қолыңнан қандай жұмыс келетінін айт, өзіңді қай жағынан көрсеткің келетініңмен, өз ойларыңмен бөліз.

Үшінші кеңес

Бірінші күннен бастап  ақпарат тақтасынан өз тобыңның сабақ кестесін тауып (мамандығың мен курсыңның шифрі есіңле болсын), оны жазып ал. өз ммандығыңның  нөмірі мен курсыңды  есте сақта. Ол үшін қолыңа түскен бірінші дәптерді колдана салмауға кеңес береміс. Маңыды ақпарттарды жазып жүретін, арнайы күнделік (ерікті үлгідегі) арна. Колледжде сабақ кестесі өзгеріп отыруы мүмкін, сол себепті оны қайта  

Төртінші кеңес

Қолыңа блокнот алып  колледждің ішін және жатақхананың бірінші қабатын түгел шолып шық. Асхана мен киім-кешек ілетін бөлмесі сағат нешеге дейін жұмыс істейтінін анықтап ал. Өз тобыңдағы студенттермен ортақ сұхбаттасатын чат тобын аш және олардың ұялы телефон нөмірлері мен электронды поштасын жазып ал. Оларға сабақ кестесін анықтап алу үшін, сабаққа келе алмайтынынды айту үшін қоңырау шалуға ұялма.

Бесінші кеңес

Колледждің кітпханасында саған сабаққа сапалы дайындалуға  көмектесетін оқу әдебиеттері бар. Электронды оқу залы жұмыс істейді. Кітапахана  студенттік билет көрсету арқалы қызмет көрсетеді.

Алтыншы кеңес

Сенде әр пәнге арналған жеке дәптерің болу қажет.  Мұқабаның келесі  бетіне пән мұғалімінің аты-жөнін жазып ал. Жазбаларды ұқыпты және уақатаныда жазып отыр. Дәптер студетті сипаттайтының есте сақтап жүр. Сонымен бірге сөмкеңе артық қалам чалып жүр. Өзіңмен бірге керек ақпаратты белгілеп қою үшін, түрлі-түсті маркерлерді алып жүрген де пайдалы.

Жетінші кеңес

Емтиханға дайындық бірінші сабақтардан басталатынын есіңде сақта. Пән бойынша сабақтарға жүйелі түрде дайындал: тұрақты түрде конспектілерді оқы, өз бетінше қосымша мәліметтерді оқы, аса қиын сұрақтармен жұмыс жаса.

Сегізінші кеңес

Сабақ кезінде белсенді бол: қосымша, нақтыланатын мәліметтермен сабақта өз ойыңды айт, сұрақтар қой. Қиыншылық туған жағдайда оқытушыдан көмек сұра. Үй жұмысын үнемі тиянақты орындап жүр.

Тоғызыншы кеңес

Сабақты қалдырма! Сабаққа қатысқандар мен қалдырғандардың қатал түрдегі есебі жүргізілетіндігін есіңде сақта. Егер сен себепті немесе себепсіз жағдай бойынша оқу күні сабағың қалдырған болсаң, онда саған әр сабақты оқып тапсыруың керек болады. Сырқаттанып қалған жағдайда сабаққа шыққаннан кейін жеке тапсырмалар алып, оны табысты орындауын үшін күн сайын өз бетінше қалдырған тақырыптарды оқы.

Оныншы кеңес

Өзіңді лайықты ұста. Өзгелермен қарым-қатынаста үлгілі, мейірімді бол. Басқалардың пікірін құрметте. Сен болашақ педагог екенінді ұмытпа!

Он бірінші кеңес

Оң ойла және өмір сүр.  Күшіңді қажетсіз күйзелістерге жоғалтпа. Студенттік өмірде өзіңді көрсет! Өз талантыңды көрсет! Оқу және қоғамдық жұмыстарды үйлестіре білу керек екендігін есіңде сақта. Іс-шаралардың, сайыстардың белсенді қатысушысы бол. 

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыртқы киімге қойылатын нақты бір талаптар бар ма?

Біздің оқу орнында классикалық киім кию дәстүрі енгізілген. Ер балалар қара түсті шалбар  және ашық түсті көйлектер, пиджактар және галстуктар (немесе көбелектер) киеді. Қыздар офистік стилді сақтайды: тізені жауып тұратын тіке қара түсті белдемше, ақ жейде, пиджак түсті жакет немесе белдемше. Тіке классикалық шалбар киюге рұқсат етіледі. Бас жақсы күтімді болуын қадағалау қажет: таза, өрілген ұзын шаш. Жарқын макияж, қауіпсіздік мақсатында биік өкше аяқ киім кию рұқсат етілмейді. Жайлылық пен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау үшін  ауыстыратын аяқ киім әкелу керек.

Студенттер қандай да бір жастар ұйымының кұрамына кіреді ме?

Студенттік жылдар - бұл ерекше бауырластық жылдары. Қазақстан Республикасынынң әр түкпірінен келген жастарын жақындату «Бірінші курс студентінің аптасы» өткізіледі: қызықты тренингтер, экскурсиялар, кездесулер колледжбен танысуға және студенттік өмірге енуге көмектеседі. Бұл кіріспе курсы студенттік кәсіподақ мүшесі болумен аяқталады . Барлық бірінші курс студенттері кәсіподақ билетін алады. Қазан айында сені тағы бір үлкен мереке - «Студенттікке кабылдау» күтіп тұр. Бұл іс-шарадан кейін сен толық қанды студент деген әлеуметтік мәртебеге ие боласын. Саған ресми құжат болып табылатын студенттік билет беріледі.

Өз күніңді қалай жоспарлау керек?

Әр студент оның жұмыс күні оқу кестесімен реттелетіндігін есінде сақтауы керек. Ешкім ресми түрде рұқсат етілмейінше сабақтан кете алмайды. Оқу сабақтарынан басқа жоспарланған шарларға да көңіл бөлу керек. Ол жайлы ай сайын жоспарланатын жоспардан білуге болады (ол 1 және 2 қабатта орналасқан ақпараттық бұрышта ілулі тұрады).

Кім шәкіртақы алуға құқылы?

Академиялық шәкіртақыны (демек, оқу нәтижесі бойынша) мемлекеттік сұраныспен түскен барлық бірінші курс студенттері ала алады. Екінші семестрде шәкіртақы тағайындау 1 семестр қорытындысы бойынша жүргізіледі. Қанағаттанарлық бағасы бар студент алда тұрған семестрде шәкірақыдан құр қалады, алайда жаңа семестрдің қорытындысы бойынша студент қайтадан академиялық шәкірақының иегері бола алады.

Бірінші курс студенттерінің білімін тексеру қалай жүргізіледі?

Студенттер оқу сабақтары барысында үнемі сұралады. Ағымдағы бағалары журналға қойылады. 17 аптада сынақтар өткізіледі. Емтихандық сессияда емтихандар тапсыруды қарастырады. Жылына екі рет студенттер аралық тестілеу рәсімінен өтеді. Екі пән бойынша тестілеу тапсырады. Аралық тестілеудің нәтижесін куратор айтады. Пән оқытушысы бағаларды журналға қояды. Аралық тестілеудің нәтижесі шәкіртақы алуға ықпал етеді.  

Бірінші семестр қанша уақытқа созылады? Демалыстар бар ма?

Барлық мамандықтардың бірінші курс студенттері 1 қыркүйектен бастап сабаққа кіріседі. Бірінші семестр (9 сыныптан кейін түскен студенттер үшін) 17 оқу аптасын құрайды. Демалыс 2 аптаға созылады. Әр семестрде қанша оқу аптасы бар, машықтану қашан деген сұрақтардың жауабын бірінші қабатта орналасқан ақпараттық бұрышта ілулі тұрған оқу үдерісі жоспарынан біле аласың.

Студенттердің қабілеттерін жетілдіру үшін жағдайлар бар ма?

Оқудың алғашқы күндерден бастап студенттерге оқу жағынан да, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттағы қызметке де өзін көрсетуге  мүмкіндік беріледі. Олар пәндік олимпиадалардың қатысушысы бола алады; ғылыми жетекшілер оларға  ғылыми зерттеулер үшін қызықты және өзекті тақырыптармен ұсыныс жасайды. Дарынды студенттерді кәсіби шеберліктерін шындайтын сайыстарға жібереді. Шығармашылықты көрсетуді құптайды.

Бірінші курс студенттеріне машықтану ұсыныла ма?

Колледжде кәсіби даярлау  практикалық сипатқа ие. Оқу үдерісінің кестесінде машықтанудың барлық түрі көрсетілген. Бірінші курста оқу  экологиялық машықтанумен аяқталады, бұл машықтанудан өту міндетті болып табылады.

Бірінші курс студентері кәсіби түрде спортпен айналыса ала ма?

Біздің колледжде барлық оқу жылы бойы спортық секциялар жұмыс істейді: жеңіл атлетика, волейбол, теннис, шанғы тебу. Салауатты өмір салтың ұстанатындар үшін жаттығу залы жұмыс істейді.

Өз бос уақытымызды қалай ұйымдастыруға болады?

Сенде спортқа деген дарындылық болмаса, онда өзіңді басқа саладан ізде. Қосымша білім берудің жүйесімен студенттер үшін әртүрлі үйірмелер ұсынылған: сахнада өздерінің жарқын бейнелерін көрсетуге ұмтылатын студенттер үшін «Қуыршақтар театры», «Жүргузіші мен актерлердің үйірмесі», «Мәнерлеп оқу үйірмесі», қолданбалы өнерді бағалайтындар «Бейнелеу өнері», «Манги» бейнелеу клубы, «Умелые ручки». қолөнер үйірмесіне қатыса алады. Полиглоттарға тілдерді үйренуді ұсынамыз. Бастамашыл студенттерді педагогикалық отряд «Баланс» күтеді. Қалжын мен дәлелді дауды  ұнататындарды «КВН» мен «Дебат» клубтары шақырады. Бірінші қадамды сен жаса! Танда да қимылда!

Егер сізде денсаулыққа қатысты мәселелер болса ...

Колледждің барлық мамандықтары бойынша оқу жоспарына сәйкес пәндер тізімінде «Дене шынықтыру» пәні бар. Егер сізде денсаулыққа қатысты мәселелер болса, алдын-ала (оқу жылының басталуына дейін) барлық қажетті құжаттарды жинап, медициналық кеңес беру комиссиясынан анықтама ал.

Егер сіз өзіңізді мазасыз сезінсеңіз, колледждің медициналық қызметкерімен хабарласыңыз, ол сізді тексереді және сізді одан әрі тексеру және емдеу үшін қайда жіберу туралы шешім қабылдайды. Мазасыздық, нашар денсаулық жағдайы, ауру туралы айтуға қымсынбаңыз - медбике сізге алғашқы көмек көрсетеді.

Егер бір нәрсе болып қалса...

Әр адамның басында жайсыз іс түсуі мүмкін. Үміт үзбей жүру керек. Алғашқы минуттан үрейленбеу керек, ересек адамнан ақыл-кеңесті сұрау керек. Бірінші кезекте туындаған мәселе жөнінде кураторға айту керек. Егер сен үлкендермен ашық сөйлесуге қорықсан, онда колледжде бұл үшін "Сенім жәшігі" қарастырылған, ол бірінші қабатта орналасқан. Төмендегі кестеде саған міндетті түрде көмектесетін адамдардың байланыс телефондарын таба аласың.

Пайдалы ақпарат

Егер  саған қандай да бір сұрақты шешу керек болса, онда мына кестеге назар аудар!

Директордың ОЖ,ОПЖ,ОӘЖ бойынша орынбасарлары, әдіскер каб.230
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, студенттердің кәсіп одақ каб.229
Бөлім меңгерушілері каб.228
Педагог - психолог каб.227
Әлеуметтік педагог каб.343
Медициналық қызметкер Медпункт
Оқу бөлімі каб.110
«Мектепке дейінгі тәрбие» кафедрасы каб.103
«Ақпараттық техналогия және математика» кафедрасы каб.225
«Педагогика және психология» кафедрасы каб.343
«Филология» кафедрасы каб.344
«Шет тілдер»  кафедрасы каб.220
«Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер» кафедрасы каб.347
«Қолданбалы-сәндік шеберлік және дизайн» кафедрасы каб.353
«Хореография»  кафедрасы каб.107
«Музыка» кафедрасы каб.2 (жатақхана корпусы)

 

Вахта (колледж корпусы) 26-26-41 111
Вахта (жатахана корпусы) 26-37-97 116
Директор 26-36-44 101
Қабылдау бөлмесі 26-36-44 102
Директордың ОЖ,ОПЖ,ОӘЖ бойынша орынбасарлары, әдіскер 26-67-54 103
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, студенттердің кәсіп одақ - 109
Бөлім меңгерушілері 26-67-54 113
Педагог - психолог 8 705 267 43 02  
Әлеуметтік педагог 8 705 199 05 52  
Оқу бөлімі - 114
Жатахана тәрбиешісі 26-59-99  

 

МАМАНДЫҚТАР МЕН ТОПТАРДЫҢ ҚЫСҚАРТУЛАРЫ

Өз тобыңды сабақ кестесінен табу үшін тобыңнын қысқаша жазылуын білуің қажет.

Әріптік мағынасы – бұл мамандық

Бірінші сан - курс ( 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші)

Екінші сан - топ:

1- бюджеттік топ, 9-шы сынып базасы

2-бюджеттік топ, 11-ші сынып базасы

3 –коммерциялық топ, 9-шы сынып базасы

4 – коммерциялық топ, 11-ші сынып базасы

Мысалы:

М-41 (мемлекеттік тілде білім беру ,бастауыш сынып мұғалімі, 4 курс, бюджеттік топ, 9-шы сынып базасы).

А-43 (орыс тілінде білім беру, бастауыш сыныптағы ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі, 4 курс, коммерциялық топ, 9-шы сынып базасы).

Біздің мамандықтар

Мамандық 0101000 «Мектепге дейінгі тәрбие мен оқыту»

Біліктілігі: 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

Т – мемлекеттік тілде білім беру, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі».

В – орыс тілінде білім беру, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі».

Мамандық: 0105000 Бастауыш білім беру

Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

0101013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

М – мемлекеттік тілде білім беру, бастауыш мектеп  мұғалімі.

У- орыс тілде білім беру, бастауыш мектеп мұғалімі.

Біліктілігі: 0105033 «Бастауыш сыныптағы ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі»

«Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»

А / Ар – орыс тілде білім беру, бастауыш мектептегі ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі.

Ак – мемлекеттік тілде білім беру, бастауыш сыныптағы ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі.

Мамандық: 0403000 «Әлеуметтік-мәдени  қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы»

Біліктілігі: 0403013-2 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, халық аспаптар оркестрінің (ансамблінің) жетекшісі»

0403013-4 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, балалар ұжымының музыкалық жетекшісі»

МУЗ «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, балалар ұжымының музыкалық жетекшісі»

Біліктілігі:

0403013-1 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі»

РТК - орыс тілді оқыту, би ұжымының жетекшісі.

Біліктілігі:

0403013-3 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, қолданбалы-сәндік өнер ұжымының жетекшісі»

ДПМ – орыс тілінде оқыту, қолданбалы-сәндік өнер ұжымының жетекшісі.

Мамандық 0402013 "Дизайн" (профиль бойынша)

Д – оқыту орыс тілінде, дизайнер.

Қорытынды атестацияға дайындық пен жүргізу барысы

1. Қорытынды аттетацияға Қазақстан Республикасының кәсіби білім беру стандарты мен оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған колледж студенттері жіберіледі.

2. Қорытынды аттестацияның сұрақтары білімалушыларға емтиханға үш ай қалған уақыт мерзімінде беріледі.

3. Білімалушының жауап беруі үшін дайындыққа 30 минут беріледі. Қорытынды аттестацияда ауызша жауап беру уақыты әр білімалушы үшін 15 минуттан аспауы тиіс.

4. Емтихан басталар алдында білім алушы комиссия төрайымдарына келесі мәліметтерді беруі тиіс: тегі, есімі, әкесінің аты, билет нөмірі.

5. Берілген пәндердің біреуінен емтиханда «қанағаттандырылмаған» баға алған білімалушы, өзге пәндер бойынша емтиханға қатысу құқығынан айырылмайды.

6. Білімалушы қанағаттанарлықсыз баға алған уақытта емтиханды қайта тапсыру емтихандық комиссияның шешімімен беріледі және бір жылдан соң тапсыруға рұқсат етіледі.

7. Қорытынды аттестация кезінде қанағаттандырылмаған баға алған білімалушы оқудан шығарылады. «Қанағаттандырылмаған» баға алған білімалушы дипломдық жобаны немесе қорытынды емтихандарды қайта тапсыру кезінде, өз мамандығы бойынша толық білім алып, курсты аяқтады деген үлгідегі анықтама беріледі.

8. Білімалушы қорытынды аттестацияға дәлелді құжаттардың болуы арқылы себепті жағдай бойынша қатыса алмаса, колледж директорының рұқсатымен қорытынды аттестация комиссиясының жұмыс атқару барысында   емтихандарды қайта тапсыра алады.

Қорытынды аттестация кезінде білімалушының білім деңгейін (билет бойынша) бағалау

Қорытынды аттестация кезінде  білімалушының білім деңгейі  Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін кәсіби білім беру стандартына сүйене отырып бағаланады:

1.  «Үздік» баға келесі талаптарға сай қойылады:

  • мәліметтің ғылымилығының болуына;
  • толық жауап болғанда;
  • баяндау кезінде логикалық байланыстың сақталуына;
  • түсініктілік (мәліметті баяндау);
  • қолдану (практикада қолданулуы);
  • аймақтық, жергілікті компоненттерді келтіруі;
  • баяндау кезінде мәдениетті сөйлеу және эмоционалды баяндауы (нақыл сөздер, көп тілділік, педагогикалық мұраларды келтіре алуы).

2. «Жақсы» баға, «үздік» бағаның талаптарына сүйене отыра және келесі талаптарды ескеру арқылы қойылады:

  • мәліметтерді баяндауда ғылымилықтың нақты болмауы;

3. «Қанағаттанарлық» баға, «жақсы» баға талапарын ескере отыра және келесі кемшіліктер болған жағдайда қойылады:

  • механикалық жауап беру;
  • теория мен практиканың байланысы болмаған жағдайда;
  • мәліметті бандауда бірсарындылық болғанда.

4. «Қанағаттандырылмаған» баға келесі жағдайда қойылады:

  • емтиғанда қосымша (тыйым салынған) мәліметтерді пайдаланғанда;
  • мәліметті баяндау кезеде ғылымилықтың болмауы;
  • баяндау толықсыз болғанда;
  • бейсаналық жауап беру;
  • теорияны практикада мүлдем қолдана алмаса;
  • аймақтық, жергілікті компоненттердің болмауы.

Аралық тестілеуді өткізу ережесі

1. Аралық бақылау жыл сайын екі рет өткізіледі: қараша және наурыз айларында. Электронды тестілеуге колледждің барлық білімалушылары қатысады.

2. Әр білімалушы екі пән бойынша тест тапсырады.

3. Тест 60 тапсырмадан (сұрақтан), жауаптың бес нұсқасынан (бір ғана жауап дұрыс деп қабылданады), латын әріптерімен A, B, C, D, E.

4. Электрондық тестілеуде бір пәнге 60 минут уақыт аралығы беріледі.

5. Тестілеуге келмеген білімалушылар «2» бағасын алады немесе арнайы график арқылы тесті қайта тапсыруға келеді.

Тестілеуге қойылатын бағалау критерийлері:       

      93% және жоғары –5  «үздік»

      80% - 92% - 4 «жақсы»

      56% - 79% - 3 «қанағаттанарлық»

      0% - 55% - 2 «қанағаттандырылмаған»

 

  Бірінші курс студентінің глосарийі первокурсника

Кітапхана - оқу-тәрбие үдерісін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыздандыратын, сонымен бірге рухани және интеллектуалдық қарым-қатынасты, мәдениетті білімді тарататын орталық болып табылатын колледждің құрылымдық бөлімшесі.

Сынақ - бұл колледж студенттерінің білімін бақылау түрі. Әдетте сынақ емтихандық сессияның басталуы алдында сәйкес пән бойынша қорытынды сабақтарда өткізіледі.

Сынақ кітапшасы - студенттің сынақ, емтихан, курстық жұмыстарды қорғау, шығарылым біліктілік жұмысы (бакалавр үшін), дипломдық жұмыс (мамандар үшін) және диссертациялық жұмыс (магистрлер үшін), сонымен қатар өндірістік (педагогикалық/оқу) машықтануды тапсыру туралы жазбалардан тұратын құжат.

Бастамашыл – өзіндік қоғамдық бастамаларда белсенді, іскер, бастамашыл ұмтылыстары айқын көрініп тұратын қабілетті тұлға. Бастамашыл сияқты жеке қасиеті көп ретте жасөспірімдік шақта тәрбиеленеді.

Қызығушылық – ол үшін құнды, қызықтыратын қандай да бір затқа тұлғаның қарым-қатынасы.

Колледж – біліктіліктің алдыңғы қатарлы деңгейін қамтамасыз ететін, мамандарды даялауда жеке оқу жоспары бойынша орта кәсіби білім берудің тереңдетілген кәсіби білімділік бағдарламасын жүзеге асыратын тәуелсіз білім беру мекемесі болып табылады.

Конспект – кез-келген жазбаша, аудио немесе бейне деректің мазмұнын қысқаша баяндау. Коспектпен шығармашылық жұмыс барысында «сұрақты өз-өзіңе түсіндіру» жүзеге асырылады. Конспектілеу оқыған мәселеге сыни қарауға тәрбиелейді, жадыны дамытады, өзіңнің мазмұндау стилінді дамытуға көмектеседі.

Кеңес – студенттің оқытушыға толық түрде сұрақ қоюға мүмкіндігі бар сыныптан тыс жұмыстың түрі.

Куратор (лат. тілінен curator, cura-қамқор)  – студенттің қадай да бір қызметінің түрін, не болмаса студенттік топтың оқу және тұрмысының жалпы мәселелерін шешу бойынша қадағалау тапсырылған колледждің қызметкері.

Курстық жұмыс (жоба) – колледж талаптарына сай рәсімделетін маманның жетекшілігімен бекітілген тақырып бойынша жүргізілетін жазбаша жұмыс.

Кафедра – өз саласында тікелей оқу-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыратын, педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін жоғарлататын колледждің негізгі оқу-ғылыми бөлімшесі.

Жайлылық – ішкі тыныштықтың жайы,  өзіңмен, қошаған ортамен үйлесімдігі.

Дәріс – тақырып бойынша оқытушының материалды баяндауымен байланысты теориялық оқытудың түрі; дәріс туралы түсініктегі жалпы қателік – оны «диктант» деп түсінуде; дәріс студеенттің белсенді жұмысын ойластырады.

Зертханалық жұмыстар – практикалық әрекетті білімалушылардың бақылауымен ұйымдастыратын тәжірибелік қызметті үйлестіретін тәжірибелік әдістердің өзіндік тобы.

Тұлғалық өсу – бұл үздіксіз үдеріс ретіндегі адамның жолындағы оқиғаларды басқара алу қабілетін жинақтау аясындағы басқа адамдармен жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру, орнымен жүзеге асыру, өз көзқарастарын қорғау, өмірді бар сұлулығымен қабылдау жөніндегі құбылыс.

Түлек моделі – оқу орнын аяқтағаннан кейін белгілі бір кәсіби қызмет саласында типтік міндеттерді орындау үшін маманға қажетті маңызды білім, білік, дағды тұлғалық қаситеттердің мінездемесі.  

Мотивация – тұлға қызметін, оның мінез-құлқын саналы түрде анықтайтын өзара байланысты және келісілген себептер жүйесі. Мотивация кез келген адамның қозғаушы күші, сондықтан адамның оқу-танымдық қызметінің де күші болып табылады.

Ғылыми Студенттік қоғам (ҒСҚ) бұл ғылыми қызметке бейім колледждің ерікті студенттерін біріктіретін қоғамдық ұйым.

Білім беру траекториясыжеке тұлғаны таңдау негізінде білім беру қажеттілігін қанағаттандыру, таңдаған салада біліктілік алу, интеллектуалды, физикалық, адамгершілік дамуы үшін білім беру жолын анықтау.

Оқытуоқу орнында және машықтану қызметі барысында оқытушылардың басшылығымен білім, білік, дағдыны мақсатты, жоспарлы, жүйелі түрде игерудегі білім алудың негізгі жолы.

Машықтану – кәсіби білім беру бағдарламасында қарастырылған студенттің аудитариядан тыс жұмыс түрі; машықтану міндетті жұмыс түрі болып табылады, жұмыстың бұл түріне қатыспау аттестаттау барысында академиялық қарыз болып табылады.

Тәжірибелік сабақ оқу қызметін ұйымдастырудың бір түрі; жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту барысында, сонымен бірге еңбек және кәсіби даярлау үдерісінде қолданылады.

«Портфолио»колледжде оқу уақытында студенттің әртүрлі қызмет түрінде (оқу, ғылыми-зерттеу, спорттық, шығармашылық, әлеуметтік) жеткен жетістіктерін, нәтижелерін есептеуге мүмкіндік беретін қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша студенттің жеке жетістіктерін растайтын құжаттарының жиынтығы.

ҚПК студенттерінің кәсіподағы студенттердің білім беру үдерісін басқаруда, студенттік жастардың өмірінің маңызды мәселелерін шешуде, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға қатысу құқығын іске асыруды қамтамасыз ететін колледж студенттерінің өзін-өзі басқару түрі.

Студент (studens, studentis) — латын сөзінен аударғанда әділ жұмыс істейтін деген мағынаны білдіреді, (айналысатын) жоғарғы немесе орта кәсіби білім алушы.

Студенттік билет — адамның колледжде оқитындығын куәландыратын құжат. Студенттік билет қатты мұқабадан тұратын, колледждің атауы көрсетілген, кітапша иесі және оның оқуы туралы ақпарат беретін кітапша.

Семинароқытушының қатысуымен диалог түрінде курс бағдарламасының кейбір тақырыптарын тереңдетіп оқыту барысында жүргізілетін дәрісханалық жұмыстың түрі; семинар аясында білімді тексеру де өткізілуі мүмкін. 

Сессияоқыту кестесімен қабылданған оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылауды жүргізетін кезең.

Студенттер құқықтық тәрбиесінің кеңесі (СҚК)студенттердің құқық бұзушылықтарының алдын алу органы.

ҚПК старостаты студенттердің оқу қызметін жүзеге асыру саласындағы студенттік өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы – колледж студенттерінің кәсіп одағы мен директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарына бағынатын студенттердің өзін-өзі басқаруының маңызды органы.

Шәкірақы оқу орнында студенттерге берілетін тұрақты ақшалай жәрдемақылар.

Семестр (sēmestris (*secsmestris) латын тілінен шыққан, «алты айлық» деген мағынаны білдіреді;  six «алты» + mensis «ай»; орысша — семестр «semestre» француз тілінен енген кірме сөз  ) — жоғарғы және орта арнайы білім орындарындағы жарты жылдық мағынасын білдіреді.

СӨЖ студенттердің өздік жұмысы.  Дәрісханадан тыс жұмыс түрі.

Өзін-өзі тәрбиелеуөз бойындағы жағымды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған тұлғаның белсенді қызметі.

Табыс жағдайыжеке тұлғаны дамыту контекстіндегі кез-келген іс-әрекетте оған мазмұнымен де, нәтижесімен де терең қанағаттанушылық әкелетін субъективті түрдегі жеке жетістіктер.

Емтихан -  (examen; латын сөзі, ең бастысы тіл, таразыдағы көрсеткі деген мағынада, ауыспалы мағынада – баға, обозначавшее, прежде всего, язычок, стрелку у весов, в переносном значении - оценка, талдау) — білімді бағалаудың соңғы түрі.

 

Сенбі, 31 наурыздың 2018 09:35

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

Хабарландыру

2024 жылдың 25 маусымнан бастап Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде қабылдау комиссиясы 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жұмысын бастайды. Комиссия 09.00-ден 18.00-ға дейін күнделікті, жексенбіден басқа уақытта, жұмыс істейді, 13.00-дан 14.00-ға дейін демалыс уақыты. Телефон:8-714-2-26-26-41. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Солодова Светлана Вадимовна

Сенбі, 31 наурыздың 2018 09:19

Педагогикалық әдеп қағидалары

ҚРБҒМ

міндетін атқарушының

2016 ж. 08.01 

№ 9 бұйрығымен бекітілді

 Педагогикалық әдеп қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Педагогикалық әдеп қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27  шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген.

2. Қағидалар білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері басшылыққа алатын педагогикалық әдеп қағидаттары мен нормаларының жалпы жиынтығын білдіреді.

3. Қағидалар ережелерін педагог қызметкерлердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады.

4. Педагогикалық әдеп қағидаларының мәтіні білім беру процесінің қатысушылары үшін қолжетімді белгілі бір орында орналастырылады.

2. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары

5. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

1) адалдық: Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, оқушылардың, ата-аналардың, әріптестердің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;

2) әділдік: Педагог әділдігі оның бағалау кызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке окушының, оның ата-анасының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады;

3) өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу: Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік танытады. Білім беру процесін қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға мүлдем жол бермейді;

4) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу: педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбір ұлт мәдениетін ерекшелігіне, құндылығына және қадір-қасиетіне құрметпен қарайды. Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелейді, білім алушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді; Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру және құрметтеу ахуалын жасауға мүмкіндік туғызады;

5) кәсіби ынтымақтастық: педагог мамандық мәртебесі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалім беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді. Педагог, қандай да бір дұрыс емес нәрселерді жасауға, өз әріптестерінің сеніміне нұқсан келтіруге, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмек беруге жәрдем көрсетеді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді;

6) үздіксіз кәсіби даму. Педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.

3. Педагогикалық әдептің негізгі нормалары

6. Педагог қызметкер өз қызметінде:

1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;

2) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;

3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;

4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;

5) еңбектәртібін бұлжытпай сақтайды;

6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;

7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;

8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;

9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;

10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.

7. Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;

2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;

3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;

4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.

8. Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;

2) баска педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.

Сенбі, 31 наурыздың 2018 09:11

College today

Today Kostanay pedagogical college is one of the leading organizations of technical and professional education in Kostanay region.

The college realizes educational activity on the basis of license 0161336 of 31.07.2013 on following specialities: 0101000 Preschool education and training, 0105000 Primary education, 0403000 Social-cultural activity and national art work (on a section); 0402000 Design (on a section), students receive following qualifications: 010101 3 educators of the preschool organizations, 010501 3 teacher of an primary education, 010503 3 teacher of foreign language of primary education, 040201 3 designer, 040301 3 teacher-organizer of leisure, the head of dancing group, 040301 3 teacher-organizer of leisure, the head of an orchestra (ensemble) of national instruments, 040301 3 teacher-organizer, the head of arts and crafts skill  group in the state and Russian languages.

The contingent of students comprises 806 pupils, of which 677 are trained under the state-guaranteed order and 129 are trained on a paying basis (with the full indemnification of expenses for training). There are 37 groups in college, of which 8 groups are taught in a state language of instruction and 29 groups in Russian. On extramural education department 218 students are on a paying basis, of which 127 are trained on a speciality «Preschool education and training» and 91 on a speciality "Primary education".

This year, for the first time, students were recruited to budget groups at the extramural education department on the state-guaranteed order. Kostanay pedagogical college is the only institution in the Republic of Kazakhstan, where students of the extramural department study free of charge.

Kostanay pedagogical college is a complex that includes 2 educational buildings with study rooms, assembly and sports halls, a library, a reading room. The college has a hall of residence, a canteen. The educational process in the college is equipped with modern computer equipment, there are 8 computer classes and 2 mobile classes. 

A creative and strong collective has formed in the college, which includes 99 teachers, including 1 Candidate of pedagogic sciences - Urazambetova Galiya Ulmeskhanovna, 34 teachers of the highest quality, first category has 21 teachers, 30 of second categories, without category - 14 people.

Since 2016, the college is one of the supporting organizations of the Kostanay region, in which there is a pilot project to integrate the program of moral and spiritual education "Self-cognition" into an integral educational process.

All full-time college students are members of the primary trade union organization, founded in 2013.

Many wonderful traditions have appeared in the college staff, these are: college graduates reunion, celebration of College Day, Teacher's Day, student initiation ceremony, subject weeks, undergraduates competitions, pedagogical olympiads, etc.

Сенбі, 31 наурыздың 2018 08:38

Колледж бүгін

Бүгінде Қостанай педагогикалық колледжі Қостанай облысындағы жетекші техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.

Колледж 31.07.2013 жылдың  № 0161336  лицензиясы негізінде келесі манмандықтар бойынша: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; 0105000 Бастауыш білім беру; 0403000  Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылығы (сала бойынша); 0402000 Дизайн (сала бойынша)  білім беру қызметін жүзеге асырады, студенттер мемлекеттік және орыс тілдерінде келесідей біліктілікті алады: 010101 3  мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі; 010501 3  Бастауыш білім беру мұғалімі; 010503 3  Бастауыш білім беру сыныптарында ағылшын тілінің мұғалімі; 040201 3  Дизайнер; 040301 3 бос уақытты ұйымдастырушы-педагог, би ұжымының жетекшісі; 040301 3 бос уақытты ұымдаструшы-педагог, халық аспаптар оркестрінің (ансамблінің) жетекшісі; 040301 3 педагог-ұйымдастырушы, сәндік-қолданбалы шеберлік ұйымдарының жетекшісі.

Студенттер контингенті 806 студентті құрайды, оның ішінде 677 студент мемлекеттік білім білім беру сұранысы бойынша, ал 129 студент ақылы түрде (оқу шығындарын толық өтеумен) білім алады. Колледжде 37 топ бар, оның ішінде 8 топ - мемлекеттік тілде, 29 топ орыс тілінде білім алады. Сырттай бөлімнің ақылы білім беру негізінде 218 студент, оның ішінде 127 студент «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығында, 91 студент «Бастауыш білім беру» мамандықтарында білім алуда.

Биылғы жылы алғаш рет мемлекеттік білімділік сұранысы бойынша сырттай оқу бөліміне бюджеттік топқа студенттер қабылдау жүзеге асырылды. Қостанай педагогикалық колледжі - Қазақстан Республикасындағы сырттай оқыту бөлімінің студенттері тегін оқытылатын жалғыз мекеме.

Қостанай педагогикалық колледжі – бұл 2 оқу кабинеттері бар оқу корпусынан, акты және спорт залдарымен, кітапханасын, оқу залын біріктіретін кешен. Колледжде жатақхана мен асхана бар. Колледждің оқу үдерісі заманауи компьютерлермен жабдықтаған, 8 компьютерлік сынып және 2 мобильді сынып бар.

Колледжде 99 педагогтан тұратын шығармашыл да мықты ұжым қалыптасқан, оның ішінде 1 педагог педагогика ғылымдарың кандидаты - Уразамбетова Галия Ульмесхановна, 34 педагог – жоғары санатты, 21 педагог 1 санатқа ие, 30 – 2 санатты, 14 адам – санатсыз.

2016 жылдан бері колледж тұтасымен оқу тәрбиелік үдерісінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын интеграциялау бойынша пилоттық жобасы әрекет ететін Қостанай облысының тірекші ұйымдарының бірі болып табылады.

Колледждің күндізгі бөлімінің барлық студенттері 2013 жылы құрылған алғашқы кәсіподақ ұйымының мүшелігіне кіредіҰжымда көптеген тамаша дәстүрлер қалыпасқан, олар: түлектер кездесуі, колледж Күнін тойлау, Ұстаздар Күні, студенттерді қабылдау, пәндік апталықтар өткізу, түлектер сайысы, педагогикалық олимпиадалар және т.б.

Сторінка 195 із 198

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео