Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 30 сәуірдің 2019 14:26

«Театр өмір бейнесі» түрлі театр қуыршақтар үйірмесі

Rate this item
(3 votes)

Түрлі театр қуаршақтары үйірмесі бізді бір шаңырақ астына жинаған өнер мектебі.Қызық көріп келген бұл өнер  біздің қабілетімізді шыңдай түсті. Қуыршықтар театры арқылы біз өнердің көп қырлы жақтарымен таныстық.

Театр қуыршақ үйірмесінің мақсаты: студенттердің әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын.Жалпы студенттерді театр мәдениетіне баулу. Біріншіден студенттердің қаншалықты ертегіні сомдау қабілеттерінің бар екенін, екіншіден олардың ортада ұстауын байқау. Ал үшіншіден студенттердің әр ертегінің мазмұнын мәнерлеп айту, ойнау,нақышына келтіріп сөйлеу, ол өзіміздің кәсіби мамандығымызға өте қажет.Түрлі қуыршақтар театрына барлығы -24 студент қатысады: олар Т-21,В-22, Т-31 топтары.

Ең алғаш біз «Шалқан»ертегісін сахналадық.«Шалқан» ертегісін №5, №13  балабақшаларарда ең алғаш сахналадық. Жылдың аяғында жыл бойы үйірмеде үйренген ертегілерімізді колледжі қабырғасында В-22 «Просто так» ертегі, Т-21 «Қызғылт піл,тышқын және ит» саусақ ертегісі арқылы, ал Т-21 тобы «Дос іздеген бота» ертегісін қойды.Колледж сахасындада өз  өнерімізді көрсеттік. Әрине бірінші рет болғаннан кейін бір - бірімізден кішкене ұялып, қысылып жүрдік. Бірақ сахна бізді қысылып қымтырылмауға, өзімізді ашық ұстауға үйретті. Бос уақытымызды құр босқа өткізгенше осындай театр үйірмелеріне барып өз қабіліттерімізді аша түсіп,көркем мәдениетті сөйлеуге қалыптасайық. Бұл түрлі театр қуаршақтары үйірмесі біздің болашақ мамандығымыз үшін керек. Себебі әр болашақ педагог өзін еркін ұстап, мәнерлі  сөйлеп,жан- жақты қабілетті болуы шарт. Түрлі қуыршақтар театр үйірмесінің жетекшісі  Рахпанова Б.Г.әр студенттің атынан көп- көп алғысымызды білдреміз.

Ізгі тілекпен:

Қайрат Дамира, Т-21

Read 3663 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео