Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 22 мамырдың 2019 08:31

«Brave Hearts» «Jastar»-ге қарсы

Rate this item
(0 votes)

Біз өмір сүріп жатқан уақыт еліміздің әрбір азаматының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруі үшін қолайлы болып табылады.

"Бүгінгі таңда Қазақстан жастары азаматтық қоғамның толыққанды, бастамашыл және жауапты субъектісіне айналды, жастар үшін көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда, жыл сайын мыңдаған жас мамандар, жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері өмір сүрудің жаңа мүмкіндіктерін алуда" деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті.

Жастар жылына арналған бағдарламаны іске асыра отырып, 2019 жылы 29 сәуірде Қостанай педагогикалық колледжінде "Futuregeneration of the Republic of Kazakhstan"викторинасы өтті. Ол бір үстел басында Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясының бірінші курс студенттері мен №2 мектеп бөлімінің студенттерін жинап, ағылшын тілінде өткізілді. ІІМ Заң Академиясының ағылшын тілі оқытушылары Тургунова А. М. және Казымбекова М. И., сонымен қатар шет тілі кафедрасының оқытушысы Шагатаева З. Ж. және №2 мектеп бөлімінің бітіруші курс студенттері іс-шараны ұйымдастыруға жауапты болды. Колледжден сұрақ-жауап сайысына қатысушыларды А-41 бітіруші тобының студенттері дайындағаны қуантарлық жайт, бұл факт колледждің бірінші және бітіруші курс студенттері арасындағы ұрпақтар сабақтастығы мен достық қағидатын жүзеге асыруды сипаттайды. "Біздің алдымызға мақсат қойылды: қысқа мерзімде команданы кейбір бағыттар бойынша байқауға дайындау: команданың атауын анықтау, визитка мен эмблема жасау, бірінші курс студенттерін викторина сұрақтары бойынша дайындау. Менің ойымша, бұл істе колледж бойынша кіші шәкірттеріміздің жауапкершілігі көп көмектесті",-деп атап өтті А-41 бітіруші тобының студенті Қалахова Айганша.

Викторина үш кезеңнен тұрды: үй тапсырмасы - "Визитка", "Своя игра" және ән байқауы. "Визитка" байқауында ІІМ Академиясының курсанттары "Brave Hearts" командасын ұсынды, онда өзінің оқу мекемесі, ІІМ қызметкерлерінің жұмыс бағыттары, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы шет тілінің маңыздылығы туралы әңгімеледі. Біздің колледждің студенттері "Jastar" эмблемасының астында өнер көрсетті, іс-шараның төрешілері мен қонақтарына қазіргі заманғы жастардың қандай болуы және ҚР азаматы қандай қасиеттерге ие болу керектігі туралы айтып берді.

"Өз ойыны" кезеңінде командаларға "Мәдени мұра", "ҚР Мемлекеттік рәміздері", "Қостанай қаласының тарихы", "Өшпейтін жұлдыздар" және "билеушілер" бағыттары бойынша ағылшын тілінде толық толық жауап беруді талап еткен сұрақтар қойылды.

 Соңғы кезеңде викторинаның қатысушылары ағылшын тілінен аудара отырып,  ән білу керек болды, алайда төрешілер осы әнді бүкіл командаға айтқызып, қатысушылардың ұйымшылдығын көрсете отырып, жоғары балл қойды.

Викторинаның соңында төрешілер қорытынды баллды жариялады: викторинаның жеңімпаздары Қостанай педагогикалық колледжінің "Jastar" командасының қатысушылары болды, қарсыластар командасын бірнеше жүз баллға озып; "Brave Hearts" командасы құрметті екінші орынға ие болды.

Іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың әрқайсысы өздерін жақсы жағынан көрсетуге, өзінің шығармашылық және танымдық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік алды. Бұл коллаборативті орта Әр түрлі білім беру мекемелерінің студенттері арасында достық атмосфераны қалыптастыруға ықпал етті, іс-шараның қатысушылары мен ұйымдастырушыларының арқасында  викторина салауатты жарыс жағдайында өтті, Оқу мекемелері бір үстел басында, ҚР ІІМ Академиясының аумағында қайта жиналуға уәде берді.

Бакенова Зарина,

А-41тобының студенті.

Read 690 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео