Практиканы № 6, 11, 13 балабақшаларда жақсы атқарып, жақсы нәтижелер көрсетті. Жоспар бойынша мектепке дейінгі мекемедегі әр жас топтарындағы бір күндік балалармен жұмыс жасау әрекеттерімен танысып, байқап, бақылап, үйреніп тәжірибе жинап, бір сатыға көтерілгендерін көрсетті. Сөйтіп өз беттерінше балалармен барлық режимдік процестерімен ҰОҚ-н жүргізді. Сонымен бірге студенттер өздерінің өткен балабақшаларының практика барысында көмек көрсетіп, жағдай жасағандары жөнінде айтып өтті.Конференцияны «Ашық есік» микрофон әдісімен қорытындылады.
Бұл конференцияда Т-21 тобының студенттері теориядан алған білімдерін практикада жақсы қолдана алғандары туралы бөлісті.
Конференцияға Т-21 тобы және директордың оқу- іс-тәжірибесінің орынбасары: Ахат Қ.З,Іс-тәжірибе меңгерушісі: Артюшина Л.И, әдіскерлер: Абдиханова К.О,АбжановаА.К,Молдабаева А.У,Рахпанова Б.Г болды. Іс-тәжірибедегі іс-әрекеттерді төмендегі смарт картадан көруге болады.
Кабидуллаева А.К., группа Т-21