Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 29 мамырдың 2019 17:31

Қазақ тілінің: бүгіні мен ертеңі

Rate this item
(4 votes)

28 мамыр күні «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Қостанай облысы педагогтарының ассосациясы» ҚБ «Челиябы мемлекеттік университеті»

ЖББ ФМБОМ Қостанай филиалы бірлесе отырып «Қазақ жазуы: бүгіні мен ертеңі» атты ғылыми-теориялық конференция өткізген болатын.

Латын негізді қазақ тілін оқыту мен халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген аталмыш ісшараға облысымыздың мектеп мұғалімдері мен колледж, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Сондай-ақ конференцияға арнайы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының әдістемелік басқармасы аға қызметкері, филология ғылымының кандиданты Кенжемұратова Сәлима Кенжемұратқызы қатысып конференция барысындағы жаңа жазбаға байланысты жаңалықтармен бөлісіп, көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Конференцияда облысымызға танымал ғалымдар да пленарлық отырысында сөз алып латын негізді қазақ әліпбиінің тарихымен таныстырды. Осы ғылым кандиданттармен қатар колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, жас маман Арыстан Нұралы Нұрланұлы «Қазақ тілінің жаһандану дәуірінде сақтап қалу және келер ұрпаққа дәріптеудегі мәселелер» деген тақырыптағы мақаласымен таныстырып, колледж қабырғасындағы латын негізді қазақ графикасына өту мақсатындағы жасалып жатқан жұмыстармен бөлісті. Сондай-ақ жас маман ретінде аға буын өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, жұртшылық ризашылығына бөленді.

Филология кафедрасының меңгерушісі:

Кенжегарина А.А.

Директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары:

Жунусова К.С.

Read 2839 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео