Оқу барысында олар сынып сағаттарын және өзін-өзі тану сабақтарын, балалардың бойындағы ең жарқын және мейірімді қасиеттерін оятатын сабақтарды өткізеді. Жазғы тәжірибе кезінде студенттер демалыс лагерлерінде жұмыс істейді және мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарында мұғалімдерге көмектеседі. Үшінші курста студенттер өндірістік практикаға қала мектептеріне барады. Тәжірибелі педагогтар мен әдіскерлердің жетекшілігімен олар математика, орыс тілі мен әдебиеті, дүниетану, жаратылыстану, дене шынықтыру және көркем еңбек сабақтарын өткізеді. Олардың алдында сабақты қалай құру керек, әдіс-тәсілдерді қалай таңдау керек, технологияны қандай қолдану керек және балаларды қалай қызықтыру керек деген сияқты міндеттер мен сұрақтар тұрады.
Іс-тәжірибе барысында студенттер өздерін сынып жетекшісі, тәрбиеші және оқытушы рөлінде сынап көреді, яғни бастауыш сынып мұғалімдерінің мамандықтарымен терең танысады.
Төрт жылдың қалай өткенін де байқамай қалады. Емтихандар артта қалып, алда мұғалімдік қызмет жолы тұрады.
Біздің түлектер туған жерде де, Қазақстанның басқа қалаларында да жұмыс істейді.
Атап айтсақ, Гардер Екатерина Александровна-сауатты, мұқият және шығармашылығы мол педагог. START академиялық орталығында "Е" мектепалды тобында сабақ береді. Ол балаларды жақсы көреді және олар да мұғалімін сыйлайды.
Әкімжанов Эрик Әміржанұлы Алматы қаласындағы "Alliance school" жеке мектебінде сабақ береді. Шығармашылық, сауатты және бастамашыл оқытушы. Өз жұмысында озық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолданады.
Колледж өз түлектерімен танымал және біз әріптестерімізбен мақтанамыз. Әр талапкерге есігіміз айқара ашық.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары
Жармухамбетова А.А.
Сейлова Л.А.