Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 06 қыркүйек 2019 11:52

Қазақ тілі – жарқын болашақ бастауы

Rate this item
(8 votes)

5 қыркүйек күні бүгінгі тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан ұлыларымыз салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым,

тілші, әдебиет зерттеушісі, түріктанушы, дарынды ақын, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 147 жылдық мерейтойына байланысты Филология кафедрасының оқытушылары Кенжегарина А.А мен Арыстан Н.Н. ұйымдастыруымен «Қазақ тілі – жарқын болашақ бастауы» атты шеберлік сабағы өткізілді.

Шеберлік сабағына М-11, М-21, Т-21, М-31 топтарының студенттері қатысып өздерінің ой-пікірімен бөлісіп қана қоймай жаңа әліпби бойынша түрлі сұрақтарына жауап алды.

М-21 тобының студентті Нұрахметова Мадина А.Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы және қазақ тіл білімі саласына сіңірген еңбегі жайында қысқаша баяндама жасап студенттермен ұлт зиялысын таныстырса, М-31 тобының студентті Пшембаева Динара Латыннегізді қазақ әліпбиінің елімізде және колледж қабырғасында жүргізіліп жатқан таныстыру жұмыстарымен таныстырды.

Сонымен қатар Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Арыстан Нұралы шеберлік сабақ барысында практикалық тапсырмалар арқылы жаңа әліпбидегі жаңа емле ережелерімен таныстырды.

Арыстан Нұралы

Read 795 times

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео