Ал Роберт Де Ниро өз сөзінде «Дарын дегеніміз-дұрыс таңдау жасай білу» деп көрсетеді. Ия, біз өмір жолында өте көп жолдарды өзіміз таңдаймыз. Мысалыға қай сыныпта білім аламыз, қайда демаламыз, қандай оқу орнында өз білімімізді жалғастыру сынды толып жатқан таңдаулар бар. Олардың барлығы дұрыс бола бермейді. Егерде сіз өз таңдауыңыз қате не өз мақсатыңызға жеткізе алмаса, сіздің бойыңыздағы сол нәрсеге деген құштарлық төмендейді.
Мен Қостанай педагогикалық колледжіне алғаш қадам басуым ол менің ата-анамның ақылын ескере отырып, қабылдаған шешімім болатын. Қазіргі таңда Бастауыш сыныптарына ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша білім алудамын. Студенттік өмірімнің алғашқы парақтарының жазылып жатқаныма жарты жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт аралығында колледж қабырғасында жаңа достар, жаңа ұстаздармен таныстым. Әрбір баланың өзінің сүйікті ұстазы болады. Менің осы оқу орнына келген сәттен жанашырым бола білген, өзінің ерекше мейірімімен мені ғана емес бүкіл группалас достарыма жақын жан, тобымыздың жетекшісі Таскенова Айсәуле Бауыржанқызы болатын. Өзінің жас болғанына қарамастан біліктілігімен, мейірімінің арқасында аз уақыт ішінде топ студенттері біршама белестерді бағындыра білді. Атап айтар болсам колледж студенттерінің шығармашылын атықтау мақсатында өткізілген «Шабыт-2019» байқауында Ибраева Шолпан, Дощанова Аягоз «Хореография» номенациясы бойынша І орын, Қайырбек Аружан «вокал» номинациясы бойынша ІІІ орынды иемденді. Ал Абенова Асем алғыс хатпен марапатталды. Бұдан бөлек қайырымдылық шараларына, пәндік олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болып келудеміз. Бұның барлығы дерлік ұстазымыздың көмегімен деп білемін. Ұлтымызда «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп текке айтылмаса керек.
Біздің колледжіміздегі оқытушылардың әрқайсысының біздің тұлға болып қалыптасуымызда алар орны ерекше. Бірі тіл үйретсе енді бірі бізді қоршап тұрған әлемді танытып келеді. Жоғарыда айтып өткенімдей дарынды ұстаздар мекеніне айналған Қостанай педагогикалық колледжінің өзінің сарқылмайтын байлығы студенттері болса, ал оның қайнар көзі ұлағатты ұстаздары.
Құрметті оқырмандар! Сіздің де таңдауыңыз Қостанай педагогикалық колледжіне түсер болса мен сіздің бойыңыздағы таланттыңызды танып, дарыныңызды аша білетін Айсауле Бауыржанқызы сынды ұстаздар мекеніне шақырамын. Бізде дарынды бола алатынымызға кәміл сенімдімін өйткені, ұстазымыз дарынды.
Қостанай педагогикалық колледжінің
студенті Ибраева Шолпан