Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 4 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сейсенбі, 11 ақпанның 2020 12:38

Жақсы мамандық-жақсы болашақтың бастауы

Rate this item
(443 votes)

Мамандық – латын сөзінен шыққан, «profession» - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Конфуций былай деді «Жаның қалайтын істі тап, сол кезде ешқашан жұмыс істемейтін боласыз». Сондықтан мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай – ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өз – өзіне «Мен кіммін?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

«Адам өз өміріне екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.

Қорытындылай келсек Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар», - деп тегіннен – тегін айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан біз сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуымыз үшін өз мамандықтарымызды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындары дұрыс таба білуіміз керек!

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Мақаланы дайындаған: Қайырбек Аружан, АК-11 тобының білім алушысы

Жетекшісі: Таскенова А.Б.

Read 2837 times

6 comments

  • Comment Link Бригитта Сәрсенбі, 12 ақпанның 2020 14:22 posted by Бригитта

  • Comment Link Акмарал Сәрсенбі, 12 ақпанның 2020 14:21 posted by Акмарал

  • Comment Link Ардақ Сәрсенбі, 12 ақпанның 2020 14:05 posted by Ардақ

  • Comment Link Роза Сәрсенбі, 12 ақпанның 2020 13:28 posted by Роза

  • Comment Link Кулимжан Сәрсенбі, 12 ақпанның 2020 13:04 posted by Кулимжан

  • Comment Link Айсауле Сейсенбі, 11 ақпанның 2020 16:54 posted by Айсауле

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео